Жүсіпбек Аймауытов

 

Жүсіпбек Аймауытов | Әдебиет порталы

 

Жүсіпбек Аймауытовтын өмірбаяны мен атқарған қызметтері

   Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

          Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

      Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

Презентация на тему: "Туып ө скен жері Павлодар облысыны ң Баянауыл  ауданына қ арасты б ұ рын ғ ы « Қ ызыл ту», қ азіргі Ж ү сіпбек Аймауытов  ауылы. Ә кесі

         1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

         1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).

         Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).

         Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.

         1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.

Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», (повесть), «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын - «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. ғылыми еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Жүсіпбек Аймауытовтың жарияланбаған оншақты әңгімесі мен қазіргі оқырманға мүлдем беймәлім болып келген елуден астам мақалалары мен очерктері табылып отыр. Қапастағы қараңғы қоймадан, шаң басқан архивтен шиырлап іздеп олжа салған, сәуле түсіріп осы інжу-маржандарды қайыра қалың жұртқа ұсынып отырған дарынды ақын, әдебиеттанушы ғалым, Жүсекең мұрасын зерттеуші – Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның «Ғылым» баспасынан жарық көрген 5 томдық толық жинағына да енбегендігін, екінші рет ешқайда жарияланбағандығын айта кеткіміз келеді.

«Елеусіз ерлер» атты әңгімесі 1920-жылдары Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінің қосымшасы – «Сәуле» әдеби журналының 1924 жылғы қараша айындағы 6-санында жарық көрген екен. Әңгімені арапшадан қазіргі қаріпке түсіріп ұсынып отырған – филология ғылымдарының кандидаты Нұржан Қуантайұлы екенін тағы да еске саламыз.

Жүсіпбек Аймауытовтын ғылыми еңбектері

Жүсіпбек Аймауытұлының алғашқы шығармашылығы адыма ақындығы. Жазушы «Өз жайымнан мағлұмат» атты жазбасында 13 жасынан өлең жаза бастағанын, Абайға еліктегенін, болыс боламын деп елге алданған алыпсатардың әпенде әрекетін әжуалайтын өлеңін 1913 жылы «Қазақ» газетіне жариялағанын айтады. Ол Алаштың ұранын жазған. Жүсіпбек өлеңдерінің өзіндік өрнегі бар. Айталық, «Сарыарқа сәлемі», «Жәмила», «Ахахау», «Ұршық», «Көшу» атты шығармалары ұсақ детальдарды суреттеу арқылы үлкен қоғамдық құбылыстардан хабар береді.

Оның поэмалық мұрасын «Нұр күйі» атты поэмасы толықтырады. Ақындық өнері аударма еңбектерінен жақсы байқалады. Ол алыс-жақынының, белгілі қаламгерлердің классикасын аударған. Аудармашылық оның шығармашылығының бір қыры болып саналады. Сонымен қатар, ол 1916-17 жылдардан басталған қазақ драма өнеріне де өзінің төл шығармаларын арнады. Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған Семейдегі әдеби кештерде, сауық кештерде осы Жүсіпбек Аймауытовтың драмалық туындыларының басым бөлігі сахналанған. Сонда Әуезов, Аймауытов өздері суфлер болып, жазған дүниелерін халыққа ұсынды. Сондықтан, қазақ театрының бастауында, белгілі бір мөлшермен алған кезде Жүсіпбек Аймауытовтың төл шығармалары және оның автор, режиссер ретінде аты аталады.

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Жүсіпбек Аймауытұлының қалам қуатын танытатын дүниелері – прозасы. «Күнекейдің жазығы» повесі, «Қартқожа» және «Ақбілек» романдары сөзсіз классика. Ол бірді-екілі кейіпкердің тағдырын суреттеу арқылы бүтін бір дәуірдің шындығын, тұтас бір ұлттың тағдырын көрсетеді. Ал шағын әңгімелерінің көтерген жүгі романға бергісіз.  

«Жүсіпбектің «Елес»деген әңгімесі бар. Бұл классикалық әңгіме. Бірақ, классикалық әңгіменің үлкен идеясы – сен ақынсың, жазушысың, көркем шығарманың адамысың, жаныңа не әсер етеді соның формасын тауып жаз дегенге келеді. Сөйтіп, «Елес» бәрін көріп отырып, «сен ананы жазбадың, неге жазбайсың» дейді. Онысы бір кезде қиял болып шығады. Сөйтсе, адам түс көріп отыр екен. Жазушы шығарманы осылай суреттейді»,- дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабек.

Жүсіпбек шынында да, өз заманында ақын ретінде, жазушы, драматург ретінде көңіліндегіні, ойындағыны айта алған қаламгер. Алайда, Жүсіпбектің осы шығармасын қызыл шиқандай болып сынағандар да болды. Ғаббас Тоғжанов өзінің «Әдебиет және сын мәселесі атты» кітабында «Елесті» саяси астары бар әңгіме, әңгіме түрінде жазылған саяси мақала, тіпті контрреволюция деп бағалайды. Аталған кітапта Жүсіпбектің жазу әдісі мен шығармашылығын көпе-көрнеу қаралап, мансұқ ету пиғылы бірден аңғарылады. Зымиян заманның қол шоқпары болған Ғаббас Тоғжанов Алаш арыстарын идологиялық тұрғыдан қаралауға келгенде алдына жан салмаған. Айталық, «Мағжанның ақындығы», «Жүсіпбектің сыны», «Абайды әлі толық білгеніміз жоқ» деген мақалаларында ол Жүсіпбекті ғана емес, Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтардың саяси, ғылыми, әдеби мақалалары мен кітаптарын түкке тұрғысыз, надандықтың иісі аңқиды, ауылдағы қара надан қазақтай жазады дейді де, өзінше кесім жасайды. Ғаббас Тоғжанов 1935 жылы Қазанда шыққан «Абай» журналындағы мақаласында: «Өткен заман бізге үлгі емес. Сол сияқты қазақ ұлтшылдары да бізге бүтін өлшем бола алмайды. Бізге өрнек-үлгі – Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин сықылды пролетариат көсемдері. Біз осылардан үйренеміз», - деген.

Жүсіпбектің шығармашылығын зерттеушілер оның шебер музыкант болғанын, 6-7 әні барын алға тартады. Айталық, халыққа кең таралған «Екі жирен» әнін Жүсіпбек Аймауытов Торғайға мал айдап бара жатып теріс аққан өзеннің бойында, табанды жусатып жатқанда жолыққан бір келіншекке арнап шығарған екен деген әңгімені кезінде Бауыржан Момышұлы, Серке Қожамқұлов, Ғабит Мүсіреповтердің өзі растаған көрінеді.

 

Жүсіпбек Аймауытовтуралы ғылыми деректер:

Қызыл үкіметтің қанды қырғынына Жүсіпбек неге ерте ілінді... 60 жыл бойы НКВД мұрағатында тосын көздерден тығулы жатқан аса құнды құжаттарды жарыққа алып шыққан ғалым Тұрсын Жұртбай мен жазушы Дүкенбай Досжан еді. Сол құжаттар негізінде бірі іргелі еңбек жазып шықса, екіншісі абақты тарамын басты.

Дүкенбай Досжанның жарияланымында:  «Қызылорда қаласы, Карл Маркс көшесі 54-үйде тұратын Жүсіпбек Аймауытовтың үйіне 1929 жыл 14 мамыр күні жүргізілген тінтуде тәркіленген заттар: 1. Хаттар, барлығы – 88 дана. 2. Ескі фотосурет. 3. Жеке басының құжаттары – 20 дана. 4. Аймауытовтың қолжазбалары және газет қиындылары – 34 бума. 5. Қалың дәптердегі қолжазбалар – 33 дана. Кітапта – 6 дана. Куә ретінде азамат Ысқақов қатысқан. Тұтқындаған – Дінше Әділетовты Бетпақдалада қуғындап жүріп, атыс үстінде қолға түсірген ОГПУ-дің өкілетті өкілі И.А. Шумилев», -делінген болатын.

Ал, ғалым Тұрсын Жұртбай Жүсіпбектің атылып кетуіне шәкірттері де себепкер деп жазды. 1926-28 жылдар аралығында Аймауытов Шымкенттегі педагогикалық техникумда ұстаз болған. Тергеу кезінде сонда оқыған Қалабай Бекдуллаев бастаған үш студентінен жауап алынған. Сонда олар тыйым салынған әдебиетті оқытты, шәкірттерін көтеріліске үндеді деп, ұстаздарын халық жауы етіп көрсетеді.

Жүсіпбек Аймауытовтың бар қылмысы ұлтжандылығы. Осы қасиетінің кесірінен ол бұған дейін де істі болған. Бұл Торғай ісі деген тарихта қалған қылмыстық іс. 1922 жылы жұтқа ұшыраған халыққа жәрдемдесемін деген Жүсіпбектің басы дауға қалады. Торғайдағы ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға Семей губерниясынан жылу жинап, адам ұйымдастырып, 7000 бас малды Торғайға айдап барады. Жол жөнекей аштан қырылып жатқан ел-жұртқа мал үлестіреді. Ақырында таратқан малға қолхат алмады. Сол кезде, жылуды бай-бағландарға берді. Мемлекеттің мүлкін талан-таражға салды деп сотқа тартылады. Жүсіпбек сонда қазақтың ескі әдет заңына сүйеніп сотта былай деп жауап берген: «Қазақ ежелден қарыз беріп, қарыз алады, құн беріп, құн алады. Қалыңмал береді, қалыңмал алады. Сонда ол бірінен-бірі ешуақытта қолхат алмайды, ешбір протокол жасамайды, бәрі ауызша, сөзбен жүргізіледі. Бұл әбден әдет болып кеткен. Аштарға жәрдем үлестіргенде менің бойымда да, ойымда да осы заң күшті болды. Мен атам қазақтың осы заңын ұстандым. Аштарға не берсем де, ешқайсысынан қолхат алмадым. Хат білмейтін, аштан көзі қарайып, өлейін деп отырған адамнан қолхат сұрауды қолайсыз көрдім».

Ақыры 1926 жылдың наурызында Торғайда ашыршылыққа шалдыққандарға көмектесемін деп, басы дауда қалғандарға шешім шығарады. Жүсіпбек Аймауытовты және сол Торғайдың аш халқына мал тарату ісіне қатысқан Шайқы Құлжанов, Ілияс Байменов, Рүстем Әбдіғапаров және Ахмет Исабай Жүсіповты 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі шығады. Бірақ, артынан қазақ орталық атқару комитетінің араласуымен сол жылдың сәуір айында, 26 сәуірде, оларға кешірім жасау туралы қайта шешім шығарылып, сөйтіп Жүсіпбектер ақталып шығады.

Ең ұзақ сот процесі ретінде тарихта 12 топ болып, қатталып қалған сол істің әлегі енді бітті ме дегенде Жүсіпбектің ізін аңдушылар оны ақыры аяғынан шалып жықты.

«1928 жылы алғаш ұсталу себебі Орынбордағы халық театрының тұңғыш директоры Дінмұхамед Әділов екеуінің жақын дос болғанында. Әділовтың ағаларының бәрі Созақ көтерілісінің басшылары. Ол заманда жер-жерде көтеріліс болды. Солардың бірі Созақ көтерілісі. Сол көтерілістің саяси платформасын Діншеге кезінде Жүсіпбек жазып берген. Соны біреу көрсетіп, сол арқылы Дінше екеуінің кездескенін бір-ақ жапқан. Қазақ төңгерісі кезінде саяси элита ретінде көзге түсті»,- дейді Жүсіпбек Аймауытов ауылының тұрғыны Рамазан Нұрғалиев.

«Шын мәніде, Жүсіпбек Аймауытовтың бұл Созақ көтерілісіне қатысы жоқ деуге болады. Сол тергеу барысында Жүсіпбек Аймауытовқа «Сіз Дінмұхамед Әділовты таныған екенсіз, ол сізге Шымкентте жүрген кезіңізде келіп, осы Голощекинге қарсы астыртын шара ұйымдастырайық деген ұсыныс жасапты» дейді. Тергеу мәтериалдарын қарасақ, оған Жүсіпбек Аймауытов былай деп жауап береді: 1928 жылы Шымкентке Дінмұхамед Әділов келді, менімен жолықты. Голощекиннің жүргізіп отырған саясатына көңілі толмайтындығын, сол үшін оны биліктен кетіру қажет деген сияқты ой айтты дейді. Бірақ, мен оған бұл биліктен Голощекин кеткенімен, ертең оның екіншісі, үшіншісі келеді. Бұнымен ештеңе өзгермейтінін айттым дейді. Және ол осы ойды Міржақып Дулатовқа жеткізу туралы Жүсіпбекке өтініш жасаған екен. Жүсіпбек Аймауытов «мен бұны Міржақып Дулатовқа айтқан кезде де, ол да үзілді-кесілді қарсы болды» дейді», - деді тарих ғылымдарының кандидаты Теңгеш Қаленова.

Тергеу кезінде Жүсіпбектің кінәсі еш дәлелденбесе де оған алты түрлі айып тағылды. Яғни, Жүсіпбек Аймауытовқа Кеңес үкіметін құлату үшін астыртын контрреволюциялық ұйым құрды, әскери жасақ құруға ұмтылды. Сөйтіп, қарулы көтеріліс арқылы Қазақстанды Ресейдің құрамынан бөліп алып кетпек болды. Англиямен астыртын байланыс орнатып, Қырда көтеріліс ұйымдастыруды жоспарлаған. Тіпті, қазақ өлкелік комитетінің хатшысы Голощекин жолдасқа қастандық жасап, атып өлтірмек болған деген жала жабылды. Осындай жаланы арқалаған жазушы кінәсі дәлелденбесе де жазықсыздан жазықсыз айдалып кете барды. Ал боздақтардың Бутыркаға жөнелтірер сәті Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәрдың естелігінде бар.

«Тұтқындарды Москваға алып кетеді екен деген хабарды естідік. Ертемен, күн шығар-шықпаста қасымда үш бірдей қатар құрбыларым бар, олар – Жүсіпбектің баласы – Бектұр, Абай туыстары Өміртайдың қызы – Әуен, Юсупов Ахметсафаның қызы – Фарида болатын. Екі өкпемізді қолымызға алып вокзалға жеттік. Жүк таситын вагондардың қатарындағы шеткі бір вагонның темір торлы терезесінен әкем мен Жүсіпбек қарап тұр екен. Күзетшілер вагонға жолатпай: «Қайт, атамын!»,- деп жекіп, жасқай берді. Бектұр қорқып, кідіріп қалды. Жүсіпбек аға анадайдан айқай салды: «Бектұр! Жақында, қорықпа!..», - деп. Айтатын бір сөзі болуы керек. Күзетшілер баланы әкесіне жолатпады, жылап-еңіреп жүріп пойызды көзбен шығарып салдық. Бұл 1929 жылғы 24 маусым күні болатын»,- деген Міржақып Дулатовтың қызы өз естелігінде.

Жүсіпбектің артында Бектұр, Жанақ, Мәруа атты үш ұрпақ қалған. Алайда, тағдырдың асау ағысы әрқайсысын әр тарапқа ағызып әкетті. Бірі, жастайынан жат жерге кетіп жан сақтады. Бірі, халық жауының баласы екені білініп қалып, көп күнін қапаста өткізді. Бірі, жат жұртқа сіңіп тамырын жоғалтты. Сарқылмас мөлдір бұлақтан бүлкілдеп аққан тұнық су бастауынан ұзаған сайын арнасы тарылып, құмға сіңіп жоқ болды. Алайда, сол қайнар бұлақтың қазақ руханиятына сарылдап кеп құйған сағасы ешқашанда су алмайды.

Жүсіпбек Аймауытов: Ұлтты сүю әртүрлі

Жүсіпбек Аймауытов. Жол үстінде | Әдебиет порталы

AImauitov555

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                                             

к і т а п х а н а

 

                                                          

                           

 

 

 

 Шымкент 2023 жыл

 

 

УДК 01

ББК 91.9-83

Б 12

 

Жауапты библиограф: Тукенова Р.С.

 

 

Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы: библиографиялық көрсеткіш. Библиографический указатель/ Құрастырушы Р.С.Тукенова. –Шымкент, ОҚМПУ кітапханасы, 2023. -16 бет.

Жүсіпбек Аймауытов (1889 жыл1931 жыл) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Бұл библиографиялық көрсеткіште Жүсіпбек Айтауытовтың шығармаларына библиографиялық шолу жасалып, кітаптардың толық мәтінді қоры жүктелген сайттың электронды адресі көрсетілген.

Библиографиялық көрсеткіш көпшілік оқырмандарға, білімгерлерге, ізденімпаздарға арналған.

@roza-2365@ mail.ru

 

 

 

 

ӨМІРБАЯНЫ

 

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. 

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 

1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). 

Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.

 

 

ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАСЫ ЖҮКТЕЛГЕН САЙТТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР:

 

Презентация Power point: https://elibrary.kaznu.kz/wp-content/uploads/2020/05/aimautov-190822101135.pdf

 

Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары: http://e-kitap.kz/author/1106/books

 

 

ЕҢБЕКТЕРІНІҢ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ:

 

Шернияз

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Ақбілек повесть, роман.. [Мәтін]:- Алматы: Өнер, 1990.- 336 б.

1937 жылғы репрессия құрбаны болған халқымыздың аяулы ұлдарының бірі - Ж.Аймауытов творчествосы қайта құру саясатының арқасында елімен қайта қауышты.  Әдебиеттің барлық жанрына дерлік қалам тартқан Ж.Аймаытов артына творчестволық мол мұра қалдырған үлкен дарын иесі. Бұл жинаққа оның "Сылаң қыз", "Мансапқорлар", "Рәбиға", "Ел қорғаны", "Қанапия - Шәрбану", "Шернияз" драмалық шығармалары мен екі аударма пьесасы еніп отыр.

http://e-kitap.kz/book/3273

 

 

821.512.122

А 36     

Қирабаев Серік. Жүсіпбек Аймауытов.Өмірі мен шығармашылығы. [Мәтін]:- Алматы: Ана тілі, 1993.- 220 б.

 

Ғалымның бұл еңбегінде Жүсіпбек Аймауытовтың осы қиын да күрделі тағдыры әңгімеленіп, өмір жолы болмыс бітімі, тыныс-тірлігі жан-жақсты суреттеледі.

 

 

 

Ақбілек

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Ақбілек повесть, роман.. [Мәтін]:- Алматы: Елорда, 1998.- 325 б.

«Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.

http://e-kitap.kz/book/3754

 

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Ақбілек роман.. [Мәтін]:- Алматы: Раритет, 2003.- 240 б.

Қазақ қызының шырғалаң тағдыры туралы Жүсіпбек Аймауытовтың бұл романы әлеуметтік сілкіністер заманының, реалистік жаңа қазақ әдебиеті қалыптасуы кезеңінің көрікті де кемел туындысы ретінде бағаланған. Аудармашы Х. Өзденбаевтан алынған нұсқа бойынша 1989 жылдан 6epi қарай жазушының шығармалар жинақтарына енгенімен, түрлі мәтіні бір ізге келтіріліп, дербес басылымы тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр.

http://e-kitap.kz/book/3788

Ж.Айтауытов "Ақбілек" қысқаша мазмұны.

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Ақбілек повесть, роман.. [Мәтін]:- Алматы: Атамұра, 2003.- 280 б.

Ж.Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында аса бай құнды әдеби мұра қалдырды. Осы жинаққа жазушының Ақбілек романы мен Күнікейдің жазығы повесі еніп отыр. Аймауытов бұл шығармаларында сол бір аласапыран жылдардағы қазақ ауылы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, ел тұрмысын, заман тынысын кеңінен сүреттейді. Жинақ қалың оқырман қауымға арналған.

http://e-kitap.kz/book/3788

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы т.1. Романдар. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Жібек жолы, 2003.- 280 б.

Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, шын мәніндегі көркем сөз шебері Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалар жинағы пьесың бірінші томына ң поэзиялық тундылары мененд сахалалрында қанлалрында. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

http://e-kitap.kz/book/3329

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы т.2. Романдар. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Жібек жолы, 2003.- 312 б.

"Ақбілек" -  Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған психологиялық роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы "Әйел теңдігі" журналында жарияланды. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым - қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процессін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.       "Қартқожа" романы - Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылып шыққан туындысы. Бас кейіпкердің прототипі - Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев. Бұл қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді.

http://e-kitap.kz/book/3331

 

Жүсіпбек Аймауытов

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Библиографиялық көрсеткіш. [Мәтін]:.- ЗКО: ОӘҒК, 2003.- 118 б.

http://e-kitap.kz/book/3942

 

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы т.3. Повест әңгімелер аудармалар. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Жібек жолы, 2005.- 304 б.

 

 

Жүсіпбек Аймауытов шығармалар жинағының үшінші томына повесть əңгіме жəне көркем аудармалар топтастырылды. «Күнікейдің жазығы» əйел теңдігі тақырыбына арналса, «Елес», «Əнші», «Қара бақсы» əңгімелеріне қазақ өмірінің көкейкесті мəселелері арқау болған.

Əлем əдебиетінің озық үлгілерінен тəржімаланған шығармалар ХХ ғасыр басындағы көркем аударманың көркемдік кестесі мен тіл өрнектілігін

байқатады.

Кітап əдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне жəне ұлт əдебиеті мен тарихын білгісі келетін əдебиет сүйер қауымға арналған.

http://e-kitap.kz/book/5011

 

 

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Ақбілек әңгімелер. [Мәтін]: .- Алматы: Өлке, 2012.- 280 б.      Жүсіпбек Аймауытовтың бұл жинағына өзі өмір сүрген заманындағы әлеуметтік төнкерістер, әйел теңдігі, оның қоғамдағы орны туралы баяндайтын "Ақбілек" романы мен ел сүйіспеншілігіне бөленген өнер адамының өмірдегі қарапайым қасиеттерін бейнелейтін "Әнші" әңгімесі, сондай-ақ тынымсыз ізденісті мақсат тұтқан "Елес" әңгімесі енгізілді. Ж. Аймауытов сол бір аласапыран жылдардағы қазақ ауыл өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, октябрь революциясының жеңісін, кедейлер мен әйелдердің теңдік алып бақыт жолын тапқанын жүйелі түрде суреттейді. Жазушы халықтың әлеуметтік рухани азаттыққа, жаңа өмірге ұмтылуын кейіпкерлердің тағдыры арқылы, Ақбілек образы арқылы ұлттық сана-cезімнің ояну процестерін, даму эволюциясын көрсетеді.

http://e-kitap.kz/book/3755.

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Қартқожа. Күнікейдің жазығы. Өлеңдер шығармалар жинағы. [Мәтін]: .- Алматы: Өлке, 2012.- 304 б.              

Адамның рухани жаңаруы, тазаруы Жусипбек Аймауытовтың шығармаларына тән тақырып. "Қартқожа" романдағы Қартқожаны жазушы бірден озық идеялы қаһарман етіп жібермей, қоғамдағы теңсіздікті, жоқшылықты, әділетсіздікті көріп өскен, өмір талқысына түскен оны сабақ ала отырғызып, біртіндеп көзін ашады. Ел үшін күйген, оқуға, білімгер деген құштарлық Қартқожаны біртіндеп саналы күреске бет бұрғызады. Автордың халықтық ойлары Қартқожа бейнесі арқылы өрбіп, дамиды. Қазақ қызының өз тендігін қорғаудағы үлкен женісін "Күнікейдін жазығы" повесі шынайы, тартымды етіп баяндайды. Халықтың сол кездегі салт - дәстурлері, жастардың ойын - сауық ұйымдастыруы, көш, қыз ұзату сияқты тұрмыс тіршілігі оқырманды кейде күлдіреді, кейде ойға қалдырады... Кітап жалпы орта білім мектеп, гимназия, лицейлердің оқушыларына, жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге, студенттерге, жалпы көпшілік оқырманға арналады.

http://e-kitap.kz/book/3764.

 

 

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Алты томдық шығармалар жинағы т.1. Пьесалар, өлеңдер. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 384 б.

Ж. Аймауытов шығармалар жинағының бірінші томына театр сахналарында қойылған драмалық шығармалары мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген поэзиялық туындылары топтастырылды. Том 1997 жылғы басылым бойынша дайындалып, толықтырылды. Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихын білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.

http://e-kitap.kz/book/5122

 

 

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Алты томдық шығармалар жинағы т.2. Романдар. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 384 б.

Жүсіпбек Аймауытов-қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы сан қырлы. Бұл томға "Ақбілек", "Қартқожа" романдары еніп отыр. 1996 жылы Жүсіпбектің бес томдық шығармалар жинағы шыққан болатын. Содан бергі уақытта оның шығармашылығы ғылыми зерттеліп, жаңадан бірсыпыра туындылары табылды. Қаламгердің шығармалары алты томға толықтырылып, қайта жарияланып отыр. Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиарнаттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихын білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.

http://e-kitap.kz/book/5123

Жүсіпбек Аймауытов

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Алты томдық шығармалар жинағы т.3. Повесттер мен әңгімелер, аудармалар.  [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 384 б.

Ж.Аймауытов шығармалар жинағының үшінші томына повесть, әңгіме және көркем аудармалар топтастырылды. "Күнекейдің жазығы" әйел теңдігі тақырыбына арналса, "Елес", "Әнші", "Қара бақсы" әңгімелеріне қазақ өмірінің көкейкесті мәселелері арқау болған. Әлем әдебиетінің озық үлгірінен тәржімаланған шығармалар ХХ ғасыр басындағы көркем аударманың көркемдік кестесі мен тіл өрнектілігін байқатады. Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихы білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.

http://e-kitap.kz/book/5124

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж.Алты томдық шығармалар жинағы т.4. Психология, жан жүйесі мен өнер таңдау. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 384 б.      

 

  Жүсіпбек Аймауытовтың бес томдық шығармалар жинағының төртінші томына оның көзі тірісінде жеке-жеке кітап болып басылған педагогикалық зерттеулері, "Психология", "Жан жүйесі мен өнер таңдау" атты ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері еніп отыр. Том 1997 жылғы басылым бойынша теріліп, басуға ұсынылды. Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихы білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.

http://e-kitap.kz/book/5126

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж.Алты томдық шығармалар жинағы т.5. Пьесалар, өлеңдер. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 384 б.             

Бұл томға Ж.Аймауытовтың педагогикалық оқу орны мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Тәрбиеге жетекші" (1924) және 2-сынып оқушыларына арналған "Жаңа ауыл" (1929) оқулықтары еніп отыр. Бастауыш мектептің 2-сыныптары үшін жұмыс кітап 1930 жылы Ғ.Мүсіреповтің түзетіп, толықтыруымен қайта жарияланды. Бұл оқулық бірінші рет жарияланып отыр. Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихы білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.

http://e-kitap.kz/book/5127

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж.Алты томдық шығармалар жинағы т.6. Пьесалар, өлеңдер. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 384 б.

Қазақтың ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткері Ж.Аймауытовтың алты томдық шығармалар жинағының осы томына оның "Комплекспен оқыту жолдары" атты оқу-әдістемелік еңбегі мен әр жылдарда баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, хаттары енді. Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихы білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.

http://e-kitap.kz/book/5128

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы т.5. Пьесалар, өлеңдер. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ғылым, 2013.- 304 б.

Жүсіпбек Аймауытовтың бес томдық шығармалар жинағының бесінші томына "Комплекспен оқыту жолдары" атты оқу-әдістемелік еңбегі мен әр жылдарда баспас беттерінде жарияланған мақалалары, хаттары енді.

http://e-kitap.kz/book/4652

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы т.3. Пьесалар, өлеңдер. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ғылым, 2013.- 304 б.

Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, шын мәніндегі көркем сөз шебері Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалар жинағының үшінші томына оның көзі тірісінде театр сахналарында койылған, кітап болып басылған пьесалары мен кезінде баспасөзде жарияланған поэзиялық туындылары енді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

http://e-kitap.kz/book/3272

 

Ақбілек

 

821.512.122

А 36     

Аймауытов Ж. Ақбілек. Роман. [Мәтін]: Шығармалар.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 320 б.

 

http://e-kitap.kz/book/3788

 

 

 

 

«Күнікейдің жазығы» – өткен ғасыр басында жазылған шығармалардың ішіндегі ең бір қарама-қайшылыққа толы, әлі де пікірталас тудырып келе жатқан, психологиялық иірімдері қарапайым кісіні қанша талпынса да бойлатпас, бір емес, бірнеше ойдың сорабын салар, бір емес, бірнеше сезімнің сүрлеуін көрсетер аса күрделі шығарма.

 

https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=

 

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ — АҚБІЛЕК (аудиокітап) Ақбілек романындағы барлық  оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақ.. | ВКонтакте

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ — АҚБІЛЕК (аудиокітап)

        Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.

https://vk.com/wall-88875282_2274

 

МАЗМҰНЫ

 

РЕТ№

ТАҚЫРЫБЫ

БЕТІ

1

 Өмірбаяны

2

2

Еңбектерінің электронды нұсқасы жүктелген сайттарға сілтемелер.

3

3

Еңбектерінің библиографиялық сипаттамасы.

4