Қожа Ахмет Ясауи

 

В музее Кокшетау обнаружили рукопись Ахмета Яссауи: 14 ноября 2011, 23:47 -  новости на Tengrinews.kz

Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны мен атқарған қызметтері

         Қожа Ахмет Ясауи - халық арасында Әзірет (Хазрет) Сұлтан атымен танымал (1093 немесе 1103, Сайрам — 1166, Түркістан) — ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын.

         Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайхылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,

Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.

….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,

Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи.

         Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:

...Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне

Он сегізде Шілтеменен шарап іштім,

Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,

Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне.

 

Қожа Ахмет Ясауидың ғылыми еңбектері

 «Диуани Хикмет»

         Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Диван-и Хикмет»       http://188.alschool.kz/uploads/posts/2021-03/1615450721__ahmet-iasaui-diuani-hikmet-800x923.jpg

Қожа Ахмет Ясауи сағанасы

         Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына XIV ғ. аяғында атақты Әмір Темір күмбезді сағана орнаттырады. Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.

         Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылын білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Ясауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыр әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің архитектурасы мен құрылымы

 

https://tengrinews.kz/userdata/u288/2021-03/resize/ea500b389d8428a68d26a3466e6523fa.jpeg  https://tengrinews.kz/userdata/u288/2021-03/resize/de5cf6d870cd4e769b713b9e9bc5827b.jpeg

 

Қожа Ахмет Ясауи ілімі

         Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.

         Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ.Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Ясауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.

         Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.

         Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.

 

         Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.

         Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы.

Мұхтар Шаханов

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                                             

 

к і т а п х а н а

 

 

                                 Библиографиялық көрсеткіш

 

 

 

 Шымкент 2023 жыл

 

 

УДК 01

ББК 91.9-83

Б 12

 

 

Жауапты библиограф: Тукенова Р.С.

 

Қожа Ахмет Яссауи. Библиографиялық көрсеткіш: Библиографический указатель/ Құрастырушы Р.С.Тукенова. –Шымкент, ОҚМПУ кітапханасы, 2023. -16 бет.

 

 

Бұл библиографиялық көрсеткіште аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын, артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де асыл мұра қалдырған Қожа Ахмет Яссауидың (1103-1228). өмірдерегі, шығармашылығы мен яссауитанушы ғалымдар  еңбектеріне библиографиялық жазба хронологиялық тәртіппен  жасалған.

Исламның түркілік өрнегін қалыптастырған Қожа Ахмет Яссауи бүкіл болмысымен, тыныс-тіршілігімен, сөз мәнерімен, тақуа-тауазылығымен хазіреті Мұхамбет пайғамбарға ұқсауға тырысқан нағыз шынайы үмбеті. Құран мен сүндетті биік дәрежеде насихаттап, елге жайған мың жылда бір туатын бірегей ірі тұлға.

Библиографиялық көрсеткіш көпшілік оқырмандарға, білімгерлерге, ізденімпаздарға арналған.

@roza-2365@ mail.ru

 

 

 

Ө М І Р Д Е Р Е К

 

Қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.

Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен  дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж.Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. 

Оның жолын ұстанған шәкірттері мен сопылықты уағыздаушылар түркістандық ғұламаны күллі әлемге танытты. Қожа Ахмет Яссауи түркі халықтарның жаңа исламдық өркениеттегі халықтық ағымының арнасын анықтап берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірлік шамандықпен, зорастризммен біріктіре отырып, қоғамдық-әлеуметтік санаға сіңіруде көп еңбек етті. 

«Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырды. Бұл жайында жергілікті халықта мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет Ясауи мазарын тұрғыза бастағанда қара дауыл қабырғаларын ұшырып әкетеді. Осыдан кейін Ақсақ Темірдің түсіне Қызыр еніп, ең алдымен Ахметтің ұстазы Арыстанбабқа мазар тұрғызу жөнінде аян беріпті. Темір Қызырдың айтқанын екі етпей орындап, содан кейін барып қана өзі ойлаған жұмысына кіріскен екен».

Қожа Ахмет Ясауиге тәу етушілер алдымен Арыстанбабтың басына барып түнейді. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Мазарда отызға жуық мешіт, кітапхана, залдар бар.

 

 Қ.А.ЯССАУИДІҢ,  ЯССАУИТАНУШЫ  ҒАЛЫМДАР  ЕҢБЕКТЕРІНІҢ  БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ  ТІЗІМІ

 

 

 

821.512.122

И 12

Иасауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Акыл кітабы). Жинақты баспаға әзірлеп, қазақшаға аударғандар: М. Жармұхамедұлы, С. Дәуітұлы, М. Шафиғи. - Алматы: «Мұраттас» ғылыми-зерттеу және баспа орталығы 1993 ж., 262 бет.

Аты әйгілі Кожа Ахмет Иасаудың «Диуани хикметі» (Ақыл кітаб») қазақшаға түсіріліп, тұңғыш рет толық күйінде жеке кітап болып ұсынылып отыр. Мұнда ол адам баласын туыстық- бауырмалдыққа, адамгершілік, ізгілікке, имандылыққа шақырып, му- сылман дінінің қағида-шарттарын, Алланы танудың жолдарын елен тілімен насихаттайды. Жинаққа қазақшасы мен шағатай тіліндегі нускалар катар берілді. Кітап жоғары оқу орындары мен техникум, училищелердін студенттері мен оқытушыларына және өзге де калын оқушы қауымға арналған.

 

 

 

 

 

821.512.122

А 13

Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави. Алматы, Институт философии МН-АН РК. 1997. – 196 с. - ISBN 5-7667-46-23-7.

 В работе раскрываются основные положения духовного наследия великого тюркского мыслителя исламской эпохи Ходжа Ахмета Ясави. Основополагающим ядром мировоззрения восточного философа-суфия автор определяет синтез тюркской народной мудрости с суфийско-ис- ламской доктриной о Боге. Это нашло свое отражение в его основном произведении - "Дивани Хикмет" ("Книга мудрости"). Главными прио- ритетами в духовно-нравственном наследии великого шейха являются общечеловеческие принципы Добра, Справедливости и противления Злу, которые в конечном счете и могут способствовать совершенствованию личности. В работе дается анализ значения мировоззрения Х.А. Ясави для возрождения казахской национальной культуры и духовности. ГЛАВ Книга рассчитана на широкий круг читателей: для научных ра- ботников, аспирантов, студентов, а также для всех тех, кто интересуется историей культурного наследия Казахстана.

 

 

 

 

 

 

 

 

821.512.122

         Д64

         Қожа Ахмет Иасауи. Хикмет жинақ: Даналық сыр. Алматы: Жалын, 1998. — 656 бет. — ISBN: 5-610-01275-9.

          Бір ғажабы, Йасауи хикметтері тоғыз жүз жыл бұрынғы ескі заман қойнауынан емес, тап қазіргі уақыт табалдырығынан тіл катқандай сезіледі. Өйткені мұндағы көтерілетін имандылық, қайырымдылық, қанағат пен рақым, тазалық пен пәктік, ынсап-ұят, кісі ақысын жемеу, мал, мансап қумау, құдайдан қорқу сияқты көкейкесті мәселелер бүгін де ерекше қадірлі, мейлінше мағыналы. Түркістан шаһарының 1500 жылдығына арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

821.512.122

И 12

Иассауи өзендері. Танымдық-өмірбаян хикаят Дуралі Йылмаз. Қазақ түрікшесіне аударған Кенан Коч. Шымкент шәһары, «Жібек жолы» баспа фирмасы.  1998 жыл, -112 бет. ISBN: 9965-417-14-8.

Бұл туынды жазушы баяндап кеткендей Ахмет Йассауиден Сары Салтыққа, Қажы Бекташка, Жүніске, Мәуланаға, олардан бері тартып бүгінге дейін жалғасын тапқан қазіргі заман дастаны. Шынғыс әскерлерінің ізімен Орта Азиядан Анадолуға, Рим еліне қарай қозғалған рухани дүние жасағы (армиясы) күні бүгінге дейін жетіп отыр. Бұл қазіргі заман туындысындағы мекен Монғолстаннан Анадолуға және одан әрі созылып жатқан күллі түркі елдері, түркілердің өткерген уақыты.  

 

 

 

 

 

821.512.122

К 55

Мехмет Фуат Көпрүлү. Қожа Ахмет Ясауи танымы мен тағлымы. Зерттеулер. Редакторы: Шойбек Орынбай. Баспаға дайындаған: Кенан КОЧ. -Шымкент шаһары, 1999 жыл. -254 бет.  ISBN 5-89020-107-9.

Бұл кітап Кожа Ахмет Ясауи туралы аса құнды зерттеулерден тұрады. Мұнда мұсылман әлемінде танымал тұлға, ұлы сопы, шоқтығы биік шайқы, әйгілі "Диуани хикметтің" негізгі авторы жөнінде аңыз бен ақихат, тарихи деректер мен болжамдар ой сарабынан өткізіліп, көне қолжазбаларға сүйену арқылы дәйекті пікірлер айтылады. Проф. доктор М. Ф. Көпрүлү Дүниежүзіндегі Ясауитанушы тұжырымдарын топтастырады. Кітап ғалымдар мен ғылым жолында ізденушілерге, студенттерге, қалың оқырманға арналған. Түрік тілінен тұңғыш аударылып отырған бұл зерттеу шығарманы ясауитанушылар оқулық ретінде пайдаланса да болады.

 

 

 

 

 

 

82-822

X-69

Ходжа Ахмад Яссави великий ученый Туркестана. /Сборник материалов международного научного семинара. Туркестан. 2000. -61 с. ISBN 9965-450-24-2.

2000 жылы Түркістан қаласында ЮНЕСКО-ның қатысуымен Халықаралық Орта Азия зерттеу институты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырылған ғылыми семинардың жинағы.

 

 

 

 

 

 

 

821.512.122

З 47

         Намық Кемал Зейбек. Қожа Ахмет Яссауи/  . –Анкара:Біліг яйынлары, 2002  - 96 б. ISBN 975-6852-00-3.

        Дүние жүзіне аты мәшһүр түркі ақыны Қожа Ахмет Йасауидің діни уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы болып табылатын «Диуани хикмет» еңбегінің зерттелу тарихы жүйелі түрде жан-жақты қарастырылады. Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен қызметіне, шығармасы мен шығармашылығына, сондай-ақ аталған ескерткіш тілінің зерттелу тарихына аса зор мән беріледі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

821.512.122

З 47

         Намық Кемал Зейбек. Қожа Ахмет Яссауи/ Аударған: Досай Кенжетай. –Анкара:Бойут-Таң, 2002  - 96 б. ISBN 975-7156-01-09.

         Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен қызметіне, шығармасы мен шығармашылығына, сондай-ақ аталған ескерткіш тілінің зерттелу тарихына аса зор мән беріледі. 

 

 

 

 

 

821.512.122

З 47

Намык Кемал Зейбек. Қожа Ахмет Йасауи жолы және таңдамалы хикметтер.  Зейбек Н.К.: Аударған: Досай Кенжетай Тұрсынбайұлы. "Бойут-Таң": Анкара, 2003 ж. - 255 б. ISBN 975-7156-03-5.

«Ұлт» деп аталатын ақиқаттың негізгі екі тұғырының бірі тіл болса, екіншісі тілдің негізгі тасушысы мәдениет. Мәдениет саласының ішіндегі адам мен қоғам үшін ең ыкпалды әрі маңыздысы да дін екендігі мәлім. Міне, Яхия Кемалдын сөзінің түпкі мәнін осыдан шығаруға болады. Ахмет Йасауи тіліміз бен дініміздің және түрік мұсылмандығының қалыптасуында үлкен іс қалдырған, ілім калыптастырған тарихи тұлғамыз, ортақ атамыз. Ұлтымыз онын алдында карыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

821.512.122

         Д64

         Кенжетай Д. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы- Туркістан, 2004 - 341 бет ISBN 9965-697-54.

         Қожа Ахмет Йасауи дүниетанымы өте күрделі жанды процесс әрі улкен құбылыс. Бұл процестің ішіне ендеп кірген сайын оның өзіндік сыры ашыла түспек. Алдымен зерттеушінің өзіндік ұстанымы мен мұраттық тұғыры сопылық мадениеттің табиғаты және мәнімен өзара үйлесімділік негіз тапса, бұл дүниетаным жалпы иасауитану саласы дами түсіп, ғылымда өзіндік орны болады. Miнe, қолыныздағы енбек көп жылдық ізденістер мен нақты ғылыми тұжырымдарың жемісі. Ерекше дуниетанымдық, психотехникалық және психо-этикалық тәжірибелік сырға толы мәдениетке бүгінгі күн тұрғысынан қоғамға пайдалы әдістемелік жүйе құру арқылы Иасауидің ойлау жүйесі мен төл ерекшелігі философиялық тұрғыдан сарапталып, анықталған. Иасауи философиясының өзегінде адам деген ғарыш бар. Иасауи тағылымы осы адам мен Алла арасындағы үндестік пен тұтастыктың үлгісі. Еңбекте осы ұмтылыс жүректің тереңдігіндегі онтологиялык, психологиялық және гносеологиялык мәндегі құбылыс. Иасауи мәдениетінің терминологиялық шеңбері негізінде эмпатиялық тұрғыдан тұжырымдалған. Енбек жоғары оky мәдениеттану, философия мамандары мен ізденушілерге, жалпы оқырман қауымына арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

821.512.122

         Д64

Қожа Ахмет Яссауи диуани хикмет (Даналық жолы. Аударған С.Битенов. –Алматы: «Сөздік-Словарь»,2004. -196 бет.

Бұл кітап оқырмандар қолына кешігіп тиіп отыр. Қожа Ахмет Иассауидің "Диуани хикметін” ана тілімізге тұтастай тұңғыш аударушының бірі Сыраш Битенов. Осы еңбегінің жемісін көре алмай 1995 жылы бақилық боп кетті. Бірақ артына ешпес мұра - Қожа Ахмет Иассауидің "Диуани хикметінің" қазақ тіліндегі нұсқасы "Даналық жолын калдырды.

https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=417697&simple=true#

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          821.512.122

          Ж 26

          Жандарбек 3. Иасауи жолы және қазақ қоғамы. Ғылыми зерттеу. Алматы: "Ел-шежіре", 2006.- 256 бет. ISBN 9965-9997-1-6.

          Тарих гылымдарының кандидаты, Иасауитанушы ғалым Зікірня Жандарбектің бұл ғылыми еңбегінде, кезінде бүкіл түркі жұртына рухани жолбасшы болған Йасауи  тариқатының қазақ қоғамындағы қызметі мен орны жөнінде жан-жақты сөз болады. Кітап дінтану саласының мамандары мен студенттерге, сондай-ақ ұлттың төл тарихы мен кешегі рухани, мәдени өмірін білуге құштар жалпы қауымға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

821.512.122

Б 18

Байниетова С. Қожа Ахмет Ясауи. Тарих, тұлға,уақыт. «Шығыстың ұлылары топтамасы» –Алматы, «Аруна», 2007. -96 бет.

         Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс  тілдерінде жазылған бұл көркем-суретті туындыда қазақ даласында исламның нығаюына зор ықпал жасаған, яғни, жергілікті халықтың салт-санасы мен наным-сеніміне, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни мектептің негізін қалаған, сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салған дарынды тұлға, ғұлама, ақын,  әулие  Қожа Ахмет Иасауидің өмір жолы суреттелген. Шығарма балалардың танымына лайық, жеңіл, көркем тілмен толық әрі әсерлі баяндалған.

 

 

821.582.122

К 30

Кенжетай Д. Кожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. Досай Кенжетай Алматы: "Арыс” баспасы, 2008. -360 бет. ISBN 9965-17-538-1.

Бұл кітап Қ.А. Ясауи ілімінің қыр-сырына терең бойлайтын, сопылық дүниетанымның таңғажайып тылсым әлеміне бастайтын тың дүниеге толы. Автор зерттеу еңбегінде оқырманды аталған ілімінің ақиқат сырларына сусындата отырып, таным көкжиегінді байыта түседі. Кітап барша ғылым өкілдеріне - дінтанушы, мәдениеттанушы, әдебиетші, этнографтарга және Ясауи дүниетанымына қызығушы қалың жұртшылыққа арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

821.582.122

К 21

ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: Т.20. ДИУАНИ ХИКМЕТ. - Алматы: «Нұрлы Әлем». 2010. - 296 б. ISBN 978-601-205-182-7.

Мұсылман халқы арасында Қожа Ахмет Ясауидің шығармалары кең тараған және жылы қабылданған. Ол өзінің рухани өсиеттерінде, өлендері мен даналық сөздерінде адамдарды адамгершілікке, мейірімділікке шақырды. Арамдық пен аярлықтан сақтандырды. Әділдікті жақтауға үйретті. Кемеліне келген кезінде жазған шығармасы «Диуани хикметтерінде>> Жаратушыны мадақтау арқылы имандылыққа бой ұрды, соны жырлады.   

 

 

 

 

 

821.512.122 - 811.161.1(574)

К 33

Кешубай-кажы Тулеш-улы Туркестани К.А. Яссауи. Хикметы. Изложение перевода с чагатайского. Издательство «Нұрлы Әлем». 2016. - 464 с. ISBN 978-9965-20-400-5.

Благословление произвёл Берикбай Сагындыкулы теолог, доктор филоло гических наук, профессор, потомок святого Алтыбая, сын святого Сагындыка. Учитель и духовный наставник автора-переводчика. (Да пусть Аллах будет милостив к ним). Академик Международной академии психологических наук, духовный целитель Кешубай-кажы Тулеш-улы известен читателям книгами «Ислам прекрасные напевы», «Воспеть Коран в зикруллахе». «Пантеон», «Коран Карим - души моей гимн Всевышнему», «Поиск божественной истины», «Достославный хадис», «Пророк Мухаммад (с.а.в) любовь и лирика духа моего, или книга о божественной мудрости» и многими другими произведениями. - Издательство представляет широкой аудитории «Хикметы» К. А. Яссауи в по- этическом переводе на русский язык. Это такого рода первый труд, известны ранние переводы других авторов, но они - прозаические. Произведение проникнуто любовью к Создателю и Его пророку Мухаммаду (с.а.в). Переводчику удалось сохранить философские сентенции и глубину мыслей автора. Книга предназначена широкому кругу читателей, в чьих душах теплится чувство благоволения. Да пусть Аллах будет милостив ко всем, кто оказывал помощь в издании этой книги: Парманбековой Майре Орынбек-кызы духовной целительнице, также сыновьям дочерям, родным и близким автора, Шери Мамедали Мырзаага-улы, Махановой Райхан Бекен-кызы. Все права автора защищены законом Республики Казахстан.

 

 

 

 

 

 

 

821.512.122

Т 62

         Тосун, Неждет. Қожа Ахмет Яссауи/ Редактор: Неждет Тосун. –Анкара:Қожа Ахмет Яссауи Халықаралық Түрік-Қазақ Университеті, 2017  - 300 б. ISBN 978-9944-237-65-9.

        Түрік ғалымы Тосун Неждет Қ.А.Ясауи туралы түрік ғалымдарының зерттеу еңбектерінің негізінде жазылған қазақ тіліндегі аудармасы жинақтаған.

 

 

 

 

 

https://kitapal.kz/media/2021/09/27/WhatsApp%20Image%202021-09-27%20at%2011.44.10.jpeg

821.512.122

Я 80

         Яссауи феномені: Отбасы хрестоматиясы/ С.Керімбай, М.Төлеген, Ә.Нәби, А.Тасболат. –Алматы: «Орхон» Баспа үйі. -2017  - 456 бет.  ISBN 975-6852-00-3.

Кітапта Қожа Ахмет Яссауи жайлы тың қисса-аңыздар енгізілген. Хикметтері экзистенциялық формада жаңаша талданады. Ислам мен түркі мәдениетінің өзара синтезге түсіп, Түркі-Ислам өркениетінің қалыптасу жолдары баяндалады. Яссауидің қазақ дү-ниетанымындағы орны, үлгісі, «Диуани хикмет» кітабының мәні, Яссауи ілімінің дүниеге тарауы, Әзіреті Сұлтанға жыр арнаған әлем және қазақ ақындарының шығармалары, естеліктер де осы жинақ-қа топтастырылған. Яссауи ілімі мен дүниетанымы жайлы толғанады. Тәуелсіз Қазақстанның 31 жылдағы әлеуметтік-рухани саласына экзистенциялық талдау жасалады.

 

 

 

 

 

 

821.512.122

Я 80

Диуани-хикмет: Отбасы хрестоматиясы/ С.Керімбай, М.Төлеген, Ә.Нәби, А.Тасболат. –Алматы: «Орхон» Баспа үйі. -2017  - 90 бет.  ISBN 975-6852-00-3.

Кітап 2021 жылы жарық көрді. «Диуани Хикмет» – Бұл кітапта Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың «Диуани Хикмет» кітабы қазақшаға аударылып берілген. Жалпы «Диуани Хикметтің» бірнеше нұсқасы бар. Соның ішіндегі парсы тілінде жарық көрген нұсқасына тәржіма жасалды. Кітаптағы сөйлемдерді мейлінше қаз қалпында берілген.  Сондықтан хикметтердің тілі ауыр, сөйлем құрлысы күрделі болуы мүмкін. Кітап Қожа Ахмет Яссауи мұрасына қызығатын оқырман қауымға арналады.

 

Қ.А.Ясауи туралы. Презентация - https://ppt-online.org/299252

 

 

МАЗМҰНЫ

 

№ рет

Тақырыбы

Бет

1

Өмірдерек

3

2

Әдебиеттердің библиографиялық тізімі

5

3

Қ.А.Ясауи туралы. Презентация

16