Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны мен атқарған қызметтері
Мағжан Жұмабаев 1894 жылы қазіргі Бейнетқор ауданында (бұрынғы Сары айғыр болысы, Ақмола облысы, Қызылжар уезі) туған. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. Бірлік ұйымы жұмысына белсене араласып, Балапан қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
Алаш партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Үш Жүз партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919–1923 жылдары Ақмола губерниялық «Бостандық туы” газетінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы Қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы Еңбекші Қазақ газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды.
Мағжан 1927 – 1929 жылы Бурабайда,одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 жылы М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді.
Мағжан Жұмабаевтың ғылыми еңбектері
Мағжан Жұмабаевтың ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебап зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен («Бастауыш мектепте ана тілі» - 1923, «Сауатты бол» - 1926), зерттеу еңбектері туды. Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр» -дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжан тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырған. Ол жазған «Бастауыш мектепте ана тілі»1925, «Сауатты бол» 1926, « Педагогика» 1922 атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан үлесі болып табылады. «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегінде ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырулар дағдылар жүйесін жасап ұсынды. Мағжан Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, «Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі»-деп қарайды. Мектептің міндеті –бір жақтан хат таныту болса, екінші жақтан баланы дұрыс сөйлетуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан.
Мағжан Жұмабаевтың “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Соның он тарауы ұлттық психологияны сөз етедi. Ал жан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат” — деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарастырады. Ол сыртқы сезiмдердi: көру, есту, иiскеу, тату, сипау (ет сезiмi) деп беске бөлiп қарастырып, олардың атқаратын қызметiне, ерекшелiктерiне сипаттама бередi. Оларды дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi. Бұларды жетiлдiруде ұлттық дәстүрге сүйене отырып жүргiзудi, мәселен құлынның кiсiнеуiн, қойдың маңырауын, түйенiң боздауын ажырата бiлу арқылы тәрбиелеудi ұсынады. М.Жұмабаев: “Адамның әдемiлiктi сүю сезiмiн тереңдететiн де осы есту сезiмi”, – дей келiп өз пiкiрiн гректiң Орфейi, қазақтың Қорқыт күйлерi туралы ойларымен тиянақтайды.
М.Жұмабаев адам өмiрiндегi қиялдың (фантазияның) рөлiне тоқтала келiп “Қиялы дамымаған адам мылқау адам… Қиял адам ойын дамытады… Ол үшiн балаларға жастайынан қиял-ғажайып ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi. Мағжан ой-қиялдың өрiстеудегi тiлдiң рөлiне тоқтала келе “Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi көрiнiп тұрады… Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы – ұлттың құри бастауы… дегендi айтады. Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырады. Сөйтiп, ол қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда қарастырып, тұңғыш этнопедагогика ғылымының теориясын жасаушы болды.
Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді. Оқу, жазуға үйрету, есепке дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру. Автор осы тәрбиенің төрт түрін түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы … Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…»-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген.
Мағжан Жұмабаев өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын « Құлық сезімдері» деген бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. « Басқа халықты, жалпы адамзатты сүйе біл деген өсиет айтады. « Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халыққа пайдасы жолында құрбан бола білсін»,- дейді. Ол қазақ халқын өнер — білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен шақырған жоқ. Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.
Педагогика пәнін ол 5-ке бөліп қарастырды: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Осындай мектеп құрылысы жолдарын көрсетеді. 5. Педагогика тарихы. Түрлі заманды түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педагогика тарихы осыларды баяндайды.
Автордың туған халқының тәлім – тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі-деп жазды ол,-баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесі мен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген.
Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтін психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып, қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.
Ақын Мағжанның сол жағында отырған азамат – болашақ аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлы, 1919 ж.
Мағжан Жұмабаев туралы ғылыми деректер:
Белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы осылай деген еді. "Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқандай боласың. Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді…"
"Онымен дәм-тұздас болып жүрген жақын дос-жарандарының өзі оның талантына, тиянақты әдеби біліміне көре алмаушылық танытқан еді"
"Біздің республикамызда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағында қатарынан екі мәрте ақталған бірде бір ақын не жазушы болған жоқ. Тағдыр тәлкегі деген осы шығар. Бірінші рет ол 1960 жылы ақталды. Алайда шығармаларын жариялауға толық рұқсат берілмеді. Шығармаларын оқуға болмаса, ол қалай ақын атанбақ?! Бұл барып тұрған қорлау. Тек араға жиырма сегіз жыл салып, яғни 1988 жылы ол екінші рет ақталды", — дейді ақынның жиені Райхан Жұмабаева.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
к і т а п х а н а
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Библиографиялық көрсеткіш
Шымкент 2023 жыл
УДК 01
ББК 91.9-83
Б 12
Жауапты библиограф: Тукенова Р.С.
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы: библиографиялық көрсеткіш. Библиографический указатель/ Құрастырушы Р.С.Тукенова. –Шымкент, ОҚМПУ кітапханасы, 2023. -16 бет.
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі!» деген Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы - Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаевтың (25 маусым 1893– 19 наурыз 1938) еңбектеріне арналған бұл библиографиялық көрсеткіште ақынның шығармаларына библиографиялық шолу жасалып, кітаптардың толық мәтінді қоры жүктелген сайттың электронды адресі көрсетілген.
Библиографиялық көрсеткіш көпшілік оқырмандарға, білімгерлерге, ізденімпаздарға арналған.
@roza-2365@ mail.ru
Ө М І Р Д Е Р Е К
Мағжан Жұмабаев Бекенұлы - Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Мағжанның атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.
1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.
1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті.
1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Мағжан қатаң сынға алынды.
Ақын 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.
1937 жылы наурызда Мағжан Бекенұлы Алматы қаласына келеді келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Мағжан ақын ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”). Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін], “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Бекенұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Туған жерім – Сасықкөл”).
Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде… тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды (“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”). Мағжан поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті. Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан” жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде:“ “Қосылып батыр түрік балалары, Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал” ” , – деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт – Жұмабайұлының түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді (“Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал”). Сондай-ақ, Жұмабайұлы “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн – түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен жырлады. түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.
МАҒЖАНТАНУ
Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді (“От”). Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді.Мағжанның ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір ақын”). Ақын “Қорқыт” поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол. Мағжан поэзиясы қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). Мағжан – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
Мағжан поэмалары қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Мағжан поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән. Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”). Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Мағжан публицистикасы аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса Мағжан “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев, М. Батыр Баян. - Астана: Елорда, 1998.- 331 бет. Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған поэманың авторы – Мағжан Жұмабаев. Абылай ханның өз заманында аса жоғары бағалаған екі батыры болса, соның бірі – Баян батыр. Орта жүздің уақ руынан шыққан әйгілі батыр туралы аңыз да, ақиқат та көп. Сондай бір аңызға негізделіп жазылған поэма – "Батыр Баян".
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/58343/
|
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев, Мағжан. Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме, ғылыми еңбек, мақалалар, аудармалар, жарияланбаған өлеңдер / Құраст. Сәндібек Жүбаниязов. - Алматы: Жазушы, 2013.- 376 бет. М. Жұмабаев шығармаларының екінші томына ақынның «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі, «Педагогика» деп аталатын ғылыми еңбегі және мақалалары мен аудармалары, сондай-ак бұрын жарық көрмеген өлеңдері енді. http://212.154.240.86:8080/files/Magjan_shygarmalary_2tom.pdf
|
|
Ол өзінің қысқа ғұмырында нағыз поэзия биігіне самғап, оның асқар асуынан өлшеусіз нәр алған біртуар тұлға. Ең бастысы, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Оның 1922 жылы «Педагогика» атты оқулығы – педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан үлкен үлесі. Бұл ғылыми еңбегі он бес бөлімнен тұрады. Ғалым оқулықты он төрт ірі бөлімге құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан-жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал ретінде қалдырды. Бұл оқулықтың басты мақсаты – ақыл, мінез-құлық, сұлулық, дене тәрбиесін жеке-жеке бөліп қарастырды. Қазіргі кезде «Педагогика» ата-аналарға, мұғалімдерге, студенттер мен оқушылар үшін аса бағалы еңбекке айналды.
|
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 1-том: Өлеңдер, дастандар / Құраст. Сәндібек Жұбаниязов.– Алма ты: Жазушы, 2013. – 376 бет.
Ақын шығармаларының бұл басылымы екі томнан тұрады. Бірінші томға өлеңдері мен дастандары енгізілді. Өлеңдер, бұрынғы басылымдарындағыдан өзгеше түрде, алғаш жарық көрген немесе жазылған мерзіміне қарай реттелді. Кейбір та-қырыбы жақын жырлар бір жерге топтастырылып берілді.
https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/storage/upload/
|
|
821.512.122 Ж 88
Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Өлеңдер, дастандар / Құраст. Сәндібек Жұбаниязов.– Алма ты: Жазушы, 2013. – 376 бет.
М. Жұмабаев шығармаларының екінші томына ақынның «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі, «Педагогика» деп аталатын ғылыми еңбегі және мақалалары мен аудармалары, сондай-ақ бұрын жарық көрмеген өлеңдері енді. https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/storage/upload/
|
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы. 1- том. Өлеңдер, дастандар, əңгіме. – Алматы: Жазушы, 2008. – 208 бет
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев Мағжан Көп томдық шығармалар жинағы. 2 – том. Өлеңдер, дастандар, аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2008. – 208 бет.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев Мағжан Шығармалар жинағы. 3 – том. Аудармалар, ғылыми еңбек, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 2005. –232 бет
Қазақтың арыс ұлдарының бірі Мағжан Жұмабаевтың шығармалар жинағының бұл томына оның аудармалары, «Педагогика» атты ғылыми еңбегі, мақалалары енгізілді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев Мағжан Сүй, жан сəулем. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2002. – 256 бет.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев М. Жан сөзі: Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Раритет. 2005. 256 бет. - «Алтын қор» кітапханасы.
Қазақ лирикасында «Абайдан соңғы əдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шəкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ... Орыстың бейнешілдігін қазаққа аударды, өлеңді күйге айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді...» М.Жұмабаевтың ақындығы жөнінде бұдан сексен екі жылдай уақыт бұрын Жүсіпбек Аймауытов айтқан осы пікір-байлам қазір де өз ақиқатын жоғалтпағанына мына кітапты оқыған адамның көзі анық жетеді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 Ж 88 Жұмабаев Мағжан. Тандамалы: (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар).- Алматы: Ғылым, 1992.- 272 бет
Бұл кітапқа Мағжанның таңдамалы шығармалары енгізіліп отыр. Осылардың ішінен оның 1922 жылы жеке кітап болып басылып шыққан « Педагогика» атты зерттеуін атап өтуге болады. Жинаққа, сондай-ақ, ақынның əр жылдарда жасаған көркем аудармалары да енгізілді. Сөйтіп, мұнда М.Жұмабаев творчествосының барлық саласы түгел қамтылады дей аламыз. Кітап сөз өнерін қадірлейтін көпшілік қауымға арналған.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 Ж 88 Ж.Аймауытов. Мағжанның ақындығы туралы. \\ Дала даналары. – Алматы: Қазақстан даму институты, 2001. – Б.555-581 Т.Садықов.,
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 К 28 С.Қасымжанова. Мағжан. \\ Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы: Білім. – 1994.- Б.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 Ж 88 Мағжан Жұмабаев. \\ Қазақ поэзиясының антологиясы. (ХХ ғасырдың бас кезі) – Алматы: Ғылым, 1992. – Б.367 -374
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 К 14 Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына жүз жыл. \\ Ақ Орда. – 1993. - №1. – Б.41-49
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/
|
|
821.512.122 Н 90 Рымғали Нұрғали. Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да. \\ Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана, Күлтегін баспасы. -2002. –Б.94 - 106
Рымғали Нұрғалидың бұл кітабында ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің Ахмет, Алихан, Мағжан, Міржақып, Мұхтар, Сəкен, Ілияс, Сəбит, Ғабит сынды алып тұлғаларының шығармашылық тағдыры ұлттық рухтың бейнелену деңгейі тұрғысынан жаңаша зерттелген.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/29834/ |
|
821.512.122 Б 41 Бейсентай А.Б. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы және орыс әдебиеті: Монография / А.Б. Бейсентай.- Алматы: Эверо, 2019. – 172 бет.
Монографияда М.Жұмабаевтың орыс әдебиетімен шығармашылық байланысының өзіндік ерекшеліктері, европа және орыс әдебиеттеріндегі көркемдік құбылыстарды игеру және ұлттық поэзияда жаңа мазмұнда жаңғырта қолданудағы жаңашылдық көріністері, алаш ақыны туындатқан поэзиялық аудармалардың түпнұсқамен арақатынасы және әдебиет дамуындағы маңызы, ақынның аудармашылық тәжірибесіндегі шығармашылық сипаттар саралана айқындалып, дәлел-дәйекті ой тұжырымдары ұсынылады. |
|
А 45 Әлкебаева Д. Мағжанның ойлау стилі: Оқу құралы / Д.Әлкебаева - Алматы: Эверо, 2014. – 159 бет.
Оқу құралында қазақтың ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың ақындық мектебі, сөз образдарының даралық сипаты мен қазақ және түркі тектес халық- тар әдебиетіне тигізген ықпалы туралы баяндалған. Жеке тілдік тұлға ретінде танылған М. Жұмабаевтың ойлау стилінен туындаған сөз образдарының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері сөз болады. Сөз образдарының лексика- Семантикалық және когнитивті-ассоциациялык, прагмастилистикалык, эстетикалық қуатының сыры мен табиғаты ашылған. |
Мағжан Жұмабаев шығармаларының презентациясы: https://adebiportal.kz/kz/books/view/magzan-zumabaevtyn-sygarmalary-i-tom__640
Әл-Фараби атындағы кітапхананың «Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын» М.Жұмабаев кітаптарына арналған презентациясы: https://elibrary.kaznu.kz/wp-content/uploads/2020/05/magzhanzhumabaev-190228082900.pdf
М А З М Ұ Н Ы
Рет № |
Тақырыбы |
Бет |
1 |
Өмірдерек |
2 |
2 |
Шығармашылығы |
5 |
3 |
Мағжантану |
6 |
4 |
М.Жұмабаев еңбектерінің библиографиялық тізімі |
8 |