Ахмет Байтұрсынұлы

 

Описание: Первые наставники Ахмета Байтурсынова - ARNA NEWS | сайт газеты Арна

Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен атқарған қызметтері   

       Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі

         Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан. Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.

         Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа-тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.

Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу болатын. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылтуға тырысты. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге дейін көтерді.

         Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.

         Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.

         Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.

         Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

         Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябі облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде жұмыс жасады.

         1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.

  1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.

«Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек болып саналады. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасауда қзінің үлкен үлесін қосты. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.

         Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген еді. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсынұлының публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.

         1926 ж. Бакуде болып өткен "Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың" төралқа мүшесі - Ахмет Байтұрсынұлы

         1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.

         1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды.

Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері

Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұстазы, халық жанашыры,  ұлт мақтанышы. Оның ерлігі, азаматтығы, адалдығы, отансүйгіштігі талай азаматтың бойына шабыт беріп, жанына қуат сыйлады. Оның әр еңбегі бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін жазылған. Бұл ойымызға Сәкен Сейфуллиннің «Өзге оқыған қайраткерлер атақ қуып жүргенде, ұйқыдағы қара халықтың жоғын жоқтап, мұң-мұқтажына көңіл бөлген Патшалық Ресей заманында бір ғана тұлға болды, ол - Ахмет Байтұрсынұлы болатын» деген сөзі дәлел.

         Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әліпбиінің алғашқы авторы Оның «Тіл - құралы», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Жаңа әліпби» еңбектері бүгінгі ұлттың асыл қазынасы.

 

 

Описание: Participants_of_the_First_Turkologic_Congress

1926 ж. Бакуде болып өткен "Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың" төралқа мүшесі - Ахмет Байтұрсынұлы

 

 

Описание: ахмет

 

Описание: 12247810_487825141389692_4942532836798695935_o(4)

 

         Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар:

         Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың "рухани көсемі.

М.Әуезов

         Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген - Ахмет Байтұрсынов.

Қайым Мұхамедханов

         Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам- тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.

Рымғали Нұрғалиев

         Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады”.

Зейнолла Қабдолов

         Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.

Мұхтар Әуезов

         … өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.

Сәкен Сейфуллин

         … А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…

Міржақып Дулатов

         Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты.

Сырбай Мәуленов

         Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар- ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”- деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады.

Серік Қирабаев

         Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет.

Сәбит Мұқанов

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

А. Байтұрсынов

                                                 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

к і т а п х а н а

 

                               

«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов»

Библиографиялық көрсеткіш.

 

                                          

Описание: C:\Users\USER\Downloads\бір ел бір кітап.jpg

 

 

 

 

 Шымкент 2022 жыл

 

УДК 01

ББК 91.9-83

Б 12

 

 

Жауапты библиограф: Тукенова Р.С.

 

Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов: библиографиялық көрсеткіш. Библиографический указатель/ Құрастырушы Р.С.Тукенова. –Шымкент, ОҚМПУ кітапханасы, 2022. -24 бет.

 

 

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұлт ұстазының өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағы оқуға ұсынылды. Еліміздегі барлық мәдени-ағартушылық салаларда Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын: «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;  «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»; «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»; «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану» аталған бағыттар бойынша зерттелуде.

Бұл библиографиялық көрсеткіште Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына библиографиялық шолу жасалып, кітаптардың толық мәтінді қоры жүктелген сайттың электронды адресі көрсетілгендігімен ерекшеленеді.  Библиографиялық көрсеткіш көпшілік оқырмандарға, білімгерлерге, ізденімпаздарға арналған.

@roza-2365@ mail.ru

 

 

 

 

Алғы сөз.

 

Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) – қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиет зерттеуші ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы. Ұлт ұстазы атанып, соңына өшпес із қалдырған қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2022 жылдың атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде.

Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он алтыншы мәрте ұйымдастырылуда.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағы оқуғы ұсынылды.

 Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар, Телжан Шонанұлымен бірге «Оқу құралы» (1926-1927) деп аталатын хрестоматиялық көмекші оқу құралдарын  және өлеңдер мен мақалалар жазды. 

Елімізде Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:

– «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;

– «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;

– «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;

– «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».

Биыл, яғни 2022 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) – қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиет зерттеуші ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет Байтұрсынов шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.

Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихатталады. Ақын мұрасы әлемдік мәдениеттің бір бөлігіне жатады және ол бүкіл адамзатқа қол жетімді болуға міндетті.

Ахмет Байтұрсыновтың мұрасымен жақынырақ танысқыларыңыз келсе кітапхана қорындағы әдебиеттерді және көрсетілген электронды порталдардан оқуларыңызға болады.

 

ОҚМПУ кітапханасының қорынан:

 

89(091):512.122(075.8)

Ә 13

Абдиманович,О. Первый период казахской литературы ХХ века (1900-1940-е годы) [Текст]: учебник / О.Абдиманович.- Алматы: Казахский университет, 2010.- 156 с. ISBN 9965-29-577-8:

 

89(091):512.122(075.8)

Ә 13

        Әбдиманұлы, Ө.        ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900-1940) [Мәтін]: оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ университеті, 2010.- 156 б.       55 экз.

 

        Нұрпейісов, Н. Абайтану ғылымының биігінде тұрған тұлға [Мәтін] / Н. Нұрпейісов // Шымкент Келбеті: Қоғамдық-саяси газет.- 2022.- №61.- Б.8.                0 экз.

 

811.512.122

С94 Сыздықова, Р.          Ахмет Байтұрсынов [Мәтін] / Р. Сыздықова.- Алматы: Білім, 1990.- 52б.                1 экз.

811.512.122

373

Ү83

         Үсембаева, Р.Б.        А.Байтұрсынов мұралары арқылы адамгершіліктік тағылым [Мәтін]: Монография / Р.Б. Үсембаева.- Алматы: Эпиграф, 2022.- 136б.                10 экз.

 

Мақалалар:

 

Байтенова Қ, Мамырбек Г. Байтұрсыновтың әдістемесі [Мәтін]: Ахмет Байтұрсынұлы-150 / Мамырбек Г. Байтенова Қ // Егемен Қазақстан.- Алматы.

 

Байтурсынова, А.А. Об исторических предпосылках развития инклюзивного образования в РК [Текст] / А.А. Байтурсынова, С.А. Куптилеуова // Білім = Образование: Научно - педагогический журнал.- Астана, 2014.- № 2.- С. 27-32.

 

Ковалева, Л. "Бесстрашный пророк своих убеждений..." [Текст]: К 150-летию А.Байтурсынова / Л. Ковалева // Южный Казахстан.- Шымкент, 2022.- №25.02.03.- с 6.

 

 

Арнайы электронды кітапханалар сайттарынан

 

         

Описание: C:\Users\USER\Downloads\1574138.jpg

  АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. Энциклопедия./  Бас. ред. ТойбаеваЖ. – Алматы: «Қазақэнциклопедиясы», 2017. – 744 бет.

Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығы» РМҚК басып шығарған  «Энциклопедия» аса көрнекті ұлт қайраткері, Алаш қозғалысының рухани көсемі, қазақ тіл білімі жəне əдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлына арналған. Энциклопедияға ғалымның өмірбаян деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми жəне əдеби, публицистикалық мұралары жөніндегі мақалалар енгізілді. Сонымен бірге ол туралы жазылған еңбектер мен олардың авторлары жөнінде де мəліметтер берілді. Тұңғыш рет жарық көріп отырған бұл тұлғалық энциклопедия ұлт тарихын- дағы аса көрнекті қайраткер-қаламгердің өмірін, қызметін, шығармашылығын білгісі келетін барша оқырман қауымға арналады. https://tilalemi.kz/viewer/viewer.php?file=/books/8150.pdf

 

 

Описание: https://adebiportal.kz/images/w170-h220-cct-si/upload/iblock/f3c/f3cc533ee0eb39b4dfb757f0e7c12399.png

  Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013.  Т. І: –384 б.   ISBN 978-601-7317-67-6.

Мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының І-томына «Қырық мысал» (1909, 1913, 1922), «Маса»(1911, 1922) жинақтары және «Қазақтың бас ақыны»  (1913), «Әдебиет  танытқыш» (1926) атты іргелі ғылыми зерттеулері еніп отыр.Жинақ бұған дейін жарық көрген басылымдармен  салыстырылып, кезінде кеткен мәтін ішіндегі кейбір қателер түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілді. А.Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы тәуелсіздік кезеңдегі қазақ ғылымына аса қажет екені айқын. Кітап ЖОО студенттері мен оқытушыларына, ғалым-зерттеушілерге, жалпы әдебиет сүйер оқырман қауымға арналған.

https://adebiportal.kz/

Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының І томы | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)

 

Описание: https://adebiportal.kz/images/w170-h220-cct-si/upload/iblock/422/422b37e9da85e2e4cf298a5761d457aa.png

   Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013.  Т. ІІ: –384 б.   ISBN 978-601-7317-67-6.

Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының І томына «Қырық мысал» (1909, 1913, 1922), «Маса»(1911, 1922) жинақтары және «Қазақтың бас ақыны» (1913), «Әдебиет танытқыш» (1926) атты іргелі ғылыми зерттеулері еніп отыр. Жинақ бұған дейін жарық көрген басылымдармен салыстырылып, кезінде кеткен мәтін ішіндегі кейбір қателер түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілді. А.Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы тәуелсіздік кезеңдегі қазақ ғылымына аса қажет екені айқын. Кітап ЖОО студенттері мен оқытушыларына, ғалым-зерттеушілерге, жалпы әдебиет сүйер оқырман қауымға арналған.

https://adebiportal.kz/

Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының ІІ томы | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)

 

Описание: C:\Users\USER\Downloads\12de6f20-4ba2-4bc6-802f-472b7e3c4630.jpg

   Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу- ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. ІІІ: –384 б.  ISBN 978-601-7317-69-0.

Ахмет  Байтұрсынұлы  – қазақ  балаларының ана тілінде  білім алуына  арналған алғашқы əліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пəн ретінде оқыту əдістерін баяндайтын іргелі тілтанулық ғылыми құралдардың авторы. Бұл жинаққа «Тіл – құрал» оқулықтар мен методикалық құралдардың қолда бар мəтіндері түпнұсқамен қайта салыстырылып, толық ұсынылып отыр.

https://adebiportal.kz/

Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының ІІІ томы | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)

 

Описание: https://adebiportal.kz/images/w170-h220-cct-si/upload/iblock/28d/28d6501830a6ecc9d09a7adb31a4ecfc.png

  Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы Əліппелер мен мақалалар жинағы. (Төте жазудағы тұңғыш əліппелер жəне ұлттық баспасөз –де жарияланған көсемсөздер ). – Алматы: «Ел шежіре », – 2013. Т. ІV: –384 б. ISBN 978-601-7317-70-6.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы əліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақ баспасөзінің негізін қалаушы Жинақтың 4-томына Оқу құралы: қазақша əліппесі (1912), Əліп-би (1926), Сауат ашқыш (1926) атты оқулықтары жəне өзекті мəселелерді көтерген түрлі тақырыптағы мақалалары топтастырылып берілді. Жинақ мектеп оқытушыларына, ЖОО ұстаздары ментіл мамандарына, жалпы кітапқа ынтызар оқырман қауымға арналған.

https://adebiportal.kz/

Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының ІV томы | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)

 

 

Описание: https://adebiportal.kz/images/w170-h220-cct-si/upload/iblock/6a4/6a445ceaba7a1668abdeb980fa144df1.png

 Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. «Ер Сайын», «23 жоқтау» ауыз  әдеби мұрасы, көсемсөздері, табылған туындылары. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. V: – 384 б. ISBN 978-601-7317-71-3.

Ұлт ұстазы, қазақ тілі мен әдебиетінің негізін салушы Ахмет Байтұрсын- ұлының алты томдық шығармалар жинағының 5-томына «Ер Сайын» (Мәскеу, 1923), «23 жоқтау» (Мәскеу, 1926) атты ауыз әдеби мұрасы, әр жыл - дары жазған көсемсөздері, сондай-ақ бұрын еленбей келген еңбектері мен табылған туындылары топтастырылды. Жинақ ЖОО оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, сондай-ақ Алаш мұрасына ынтызар қалың оқырманға арналған.

https://adebiportal.kz/

Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының І томы | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)

 

 

Описание: https://adebiportal.kz/images/w170-h220-cct-si/upload/iblock/7b1/7b12733b74e4d6812ae12b2acbecd643.png

 Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. Мақалалар, хаттар, А.Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар. – Алматы: «Ел- шежіре», – 2013. Т. VI: –384 б. ISBN 978-601-7317-72-0.

Бұл томға А.Байтұрсынұлының жинақтарға енбеген мақалалары, ресми құжаттары, эпистолярлық мұрасы, сондай-ақ ғұлама туралы замандастары-ның лебізі, Алаш арысының аяулы есімі ақталғаннан кейін жазылған танымдық жəне ғылыми зерттеу мақалалары топтастырылды. Жинақ филология, тарих, этнология, т.б. ғылым салаларына қызығушы ғалымдарға, ЖОО оқытушылары мен  тəлімгерлеріне, жалпы қалың оқырманға арналған.

https://adebiportal.kz/

Ахмет Байтұрсынұлының шығармалар жинағы. 6-том | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)

 

 

Описание: C:\Users\USER\Downloads\a360c3d6-48d8-4ba4-b5dc-0d59c576fa80.jpg

    Қан жылаған қазақ баласына өлеңдері арқылы демеу берген Ахмет Байтұрсынұлының әр туындысы жоғары бағаға ие. 1911 жылы Орынборда жарық көрген “Маса”өлеңдер жинағына ақынның қазақ халқының өткені, бүгіні мен ертеңі жайлы жазылған өлеңдері енген. “Қазақ қалпы”өлеңінен ақынның алаштың өткен күніне деген сағынышын және Ресей мемлекетінің билігінен кейінгі қазақтың жағдайына деген күйінішін байқауға болады. XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы, “Достыма хат” деген өлеңінде қоғам әділетсіздігін суреттеп, ақшаға, абыройын арын сатқан адамдарды сынаған. “Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр” деген өлең жолдарынан ақынның азаттықтың таңы үшін қиын-қыстау кезеңді басынан өткеріп жүргені байқалады. Қазақ халқы балаларын молдаларға беріп оқытқан. Қазақ елінің озат ұлдары тек молдадан білім алып қоймай, Ресей мемлекетіне барып жоғары оқу орындарында оқи бастады. Әрине, елде орысша білім алған азаматтар сынағандар болды. Бұл туралы ақынның “Ғылым” деген өлеңінде жазылған. Ахмет Байтұрсынұлының абақтыда отырып анасына жазған сезімге толы “Анама хат” атты өлеңі ақын туындыларының маржан деп те айта аламыз. Ахмет Байтұрсынұлы “Ойлар” атты өлеңінде өзі қайтыс болса да, ерең еңбегінің өлмейтінін  жазған. Ақын “Замандастарыма” деген өлеңінде кеңестерімен бөліскен. Халық ағартушысы орыстың мықты ақындары А.С.Пушкиннің, И.А.Крыловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

https://adebiportal.kz/

Өлеңдер | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)

 

  

Описание: C:\Users\USER\Downloads\05f11205-b708-402e-a0b9-523b88558e78.jpg

  Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ұстаз айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен И.А. Крылов туындыларын аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

https://adebiportal.kz/

Мысалдар | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)

     

 

Описание: C:\Users\USER\Downloads\5a103242-6514-4c21-b9a1-daab0367db95.jpg

   Байтұрсынұлы  Мұражай-Үйі  –   Виртуальді саяхат.

Байтұрсыновтың Мұражай-Үйі қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекенжай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынов 1934 жылдары тұрған. Мемлекеттік деңгейде құрылған арнаулы комиссия шешімімен мұражай-үй бұрынғы қалпына келтірілді. 1998 жылы Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай мұражай-үй күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпын тапты. Мұражай-үйдің бөлмелерінде орналастырылған заттардың көбісі жақын-туыс жанашырларынан алынған. Онда Байтұрсынов өміріне байланысты мұрағаттық материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар қойылған. Байтұрсыновтың тұрмыс-тіршілігі мен шығармашылығына байланысты жиһаз-бұйымдармен құжаттардың бір тобы Торғайдағы мұражай-үйінде сақталған.

https://qazaqstan3d.kz/kz/place/view?id=323

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г - a5180775c5ffbc0da03b7381ee8407f4.pdf (adebiportal.kz)

 

МАЗМҰНЫ

 

Тақырыптар

Бет

1

Алғы сөз

3

2

ОҚМПУ кітапханасының қорынан

4

3

Арнайы электронды кітапханалар сайттарынан

5

4

Байтұрсынұлы  Мұражай-Үйі  –Виртуальді саяхат.

10