Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен атқарған қызметтері
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Құнанбайұлы Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Абайдың анасы Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп Абай бір жағынан көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады, екінші жағынан Александр Пушкин, Александр Герцен, Михаил Салтыков-Щедрин, Николай Некрасов, Михаил Лермонтов, Лев Толстой, Иван Крылов, Фёдор Достоевский, Иван Тургенев, Николай Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гёте, Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Санкт-Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озғын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңгенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.
1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің ген.-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады.
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.
1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған.
Абай Құнанбайұлының ғылыми еңбектері
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси, Сәйхали». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абай және оның ұрпақтары
Абай Құнанбайұлы туралы айшықты ойлар:
Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Мұхтар Әуезов Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынов
Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Зәки Ахметов
Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға керек...Ең жоғары, ардақты орын - Абайдікі.
Міржақып Дулатов
Абай тағдыр өз отанының бейуақыт заманына алып шыққан құйма алтын еді.
Әлихан Бөкейханов
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
к і т а п х а н а
Абай (Ибраһым) Құнанбайұлының шығармашылығына арналған
"АБАЙДЫ ОҚЫ ТАҢЫРҚА! "
Библиографиялық көрсеткіш.
Шымкент 2023жыл
УДК 01
ББК 91.9-83
Б 12
Жауапты библиограф: Тукенова Р.С.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылығына арналған "АБАЙДЫ ОҚЫ ТАҢЫРҚА!": библиографиялық көрсеткіш. Библиографический указатель/ Құрастырушы Р.С.Тукенова. –Шымкент, ОҚМПУ кітапханасы, 2023. -32 бет.
Библиографиялық көрсеткіште қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірдерегі, шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті кітапханасының қорындағы кітаптарының библиографиялық сипаттамалары алфавиттік ретте жинақталған. Ұлы ойшылға арналған көрме, мұражай және кітапханаға виртуальді саяхат жасауға және шығармаларының электронды нұсқасын оқу үшін арнайы сайттарға сілтемелер көрсетілген.
Библиографиялық көрсеткіш көпшілік оқырмандарға, білімгерлерге, ізденімпаздарға арналған.
@roza-2365@ mail.ru
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Шығармашылығын Абай 10 жасында өлең жазудан («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси, Сәйхали». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Ұлы ақын, дана, ойшыл Абай Құнанбайұлының алғашқы кітабы 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында жарыққа шыққан. Кітапқа аудармаларды қосып санағанда 145 өлең және 2 дастан енген. Абай шығармашылығы – ұлт құндылығы, әлемдік әдебиеттің жауһары. Бүгінгі күнге дейін ұлы Абайдың еңбектері дүние жүзінің
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның, түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Жүрeгімнің түбінe тeрeң бойлa,
Мeн бір жұмбaқ aдaммын, мұны дa ойлa.
Соқтықпaлы соқпaқсыз жeрдe өстім,
Мыңмeн жaлғыз aлыстым, кінә қоймa.
Ұлы ойшылдың өлeңдeрін әр оқығaн сaйын, жaңa әсeр мeн ойлaр қaптaйды дa eріксіз тeбірeнeсің, толқисың. Aқын жүрeгін тeрбeгeн сeзімдeр, aрaғa ғaсырлaр сaлып сaғaн орaлғaндaй күй кeшeсің.
Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Навоилардың шығармаларын және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты, В.Г. Белинскийдің еңбектерін көп оқыды. Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философлық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктерін де осы мақсатпен туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы ауқымды, терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау-жауап түрінде, өзімен-өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.
Абай шығармашылығы әлемнің бірнеше тілде миллиондаған тиражбен басылып шығарылған.
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАСЫ ЖҮКТЕЛГЕН САЙТТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР:
- «Әлемдік ойдың алыбы» виртуальді көрме - https://abay175.semeylib.kz/
- Абай өлеңдері - https://kk.wikibooks.org/wiki
- Абайтану.Таңдамалы еңбектерінің» көптомдық сериялық басылымының библиографиялық көрсеткіші - https://abai.kaznu.kz/wp-content/uploads..pdf
- Абай Құнанбайұлы шығармаларын электронды оқу - https://elibrary.kaznu.kz/wp-content/uploads/2020/11/abaitolykversiya.pdf
- https://elib.kaznu.kz/
- «Абай дана, Абай дара» Библиографиялық-слайд. - http://nblib.library.kz/elib/library.kz/VIRTUALNIE%20VISTAVKI/Abai.pdf
- «Әлемге танылған ұлы – Абай» - https://www.slideshare.net/AuyelbekMombayev/ss-56847743
- Абай Құнанбаев шығармаларының аудикітаптары - https://bookmate.ru/authors/VgHS0z55/author/books
ОҚМПУ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОРЫНДА БАР КІТАПТАРДЫҢ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМІ
|
031(574) А 13 Абай [Мәтін]: Энциклопедия.- Алматы: Атамұра, 1995.- 720 б. 4 экз.
http://www.encyclopedia.ru/cat/books/book/49583/
|
|
821.512.122 А 13 Абай. Қара сөз. [Мәтін] = Книга слов: Поэмалар / Абай.- Алматы, 1993.- 272б. 1 экз.
https://kitaptar.azurewebsites.net/k22
|
|
821.512.122 А13 Абай. Қара сөздер [Мәтін]: Монография.- Алматы: Өнер, 2015.- 124б. 1 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абай және архив [Мәтін]: Редактор Шакеев И. .- Алматы: Ғылым, 1995.- 216 б. 1 экз. |
|
821.512.122 А13 Абай және ұлттық идея: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Құрастырғандар: Т.Әлібек, А.Сейітова. [Мәтін]: .- Алматы: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының компьютерлік баспа орталығы, 2005.- 175б. 1 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абай Құнанбаев [Мәтін]: Шығармаларының бір томдық толық жинағы.- Алматы: Көркем әдебиет, 1961.- 693б. 1 экз.
|
|
821.512.122 А 13 Абай. Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ [Мәтін]: Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер.- Алматы: Білім, 2010.- 304 б. 2 экз.
https://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1570943&lang=kk
|
|
80(075) А 13 Абай тілі сөздігі [Мәтін]: сөздік.- Алматы: Өнер, 2011.- 616б.- (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті "Әдебиеттің әлеуметтік маңызы түрлерін басып шығару" бағдарламасы бойынша шығарылды). 5 экз.
|
|
821.0.512.122 А13 Абай тағлымы: Әдеби сын мақалалар мен зерттеулер [Мәтін]: Монография.- Алматы: Жазушы, 1986.- 428 б. 1 экз.
|
|
821.0.512.122 А13 Абай-Шәкәрім [Мәтін]: Монография.- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 210б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абай. Шығармалары [Мәтін]. Т.1: Өлеңдер мен аудармалар / Абай.- Астана: Фолиант, 2011.- 400б. 28 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абай. Шығармалары [Мәтін]. Т.2: Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер / Абай.- Астана: Фолиант, 2013.- 448б. 28 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абай. Я-человек-загадка [Текст] / Абай; Пер. с каз.- Астана: Аударма, 2009.- 504с. 3 экз. Список книг серии “Библиотека Казахской Литературы” утвержден Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова (протокол №9 от 26 июня 2009 г . ).
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Махамбеттану [Мәтін]: ғылыми-әдістемелік жинақ.- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 100б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. 2 том.- Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 264б. 5 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХV том. Қ.Жұмалиев.Абай поэзиясының тілі / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 248б. 10 экз. |
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХVІ том. З.Ахметов.Абайдың ақындық әлемі / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 308б. 10 экз. |
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХVІІ том. А.Нұрқатов.Абайдың ақындық дәстүрі / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 276б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХVІІІ том. Қ.Мұхамедханов.Абай шығармаларының текстологиясы жайында / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 290б. 10
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХ том. Т.Әлімқұлов.Жұмбақ жан / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 248б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХV том. Р.Сыздықова. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Абайдың сөз өрнегі / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 350б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХVІ том. Ж.Ысмақұлов. Абай. Даналық дәрістері / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 318б. 10 экз. |
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХVІІ том. Т.Жұртбай. Күйесің, жүрек...сүйесің...(Абай:жан бостандығы немесе рухани тәуелсіздік) / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 452б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХVІІІ том. Абай шығармаларының басылымдарына түсініктер / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 298б. 11 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХХ том. М.Мырзахметов. Абай және Шығыс / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 294б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХХІ том. М.Мырзахметов. Абайдың адамгершілік мұраттары. Абай және Әуезов / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 406б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХХІV том. Ойлар мен толғаныстар / Құраст.Л.Мұсалы, П.Бисенбаев, Е.Кәрібозов, Д.Қарағойшиева; жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2018.- 282б. 10 экз. |
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХХІІ том. Б.Әбдіғазиұлы. Абай және Шәкәрім әлемі / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 286б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХІ том. М.Мырзахметов.Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 290б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХІV том. Р.Сыздықова. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 316б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХІІ том. Ойлар мен толғаныстар / Құраст.П.Бисенбаев, Д.Қарағойшиева, Л.Мұсалы, Г.Шарипова; жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 294б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХІІІ том. Ойлар мен толғаныстар / Құраст.А.Айтмұханбетова, И.Әзімбаева, Ә.Жапарова, Е.Кәрібозов; жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 274б. 10 экз. |
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХІ том: Ойлар мен толғаныстар / Құраст.Д.Қарағойшиева, Л.Мұсалы; жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 298б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХІV том. С.Мұқанов.Абай Құнанбаев / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 254б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХІХ том. Л.М.Әуезов Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелері / жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 276б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХІІ том. М.О.Әуезов.Абайтану мәселелері: мақалалар / Құраст.Д.Қарағойшиева, Л.Мұсалы; жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 302б. 10 экз.
|
|
821.512.122 А13 Абайтану. Таңдамалы еңбектер [Мәтін]. ХХІХ том. Ойлар мен толғаныстар / Құраст.Л.Мұсалы, П.Бисенбаев, Е.Кәрбозов, Д.Қарағойшиева; жалпы ред.басқ.Ж.Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 286б. |
|
821.512.122 А 46 Алтынбеков, Қ.С. Абайтану [Электрондық ресурс]: Оқу-әдістемелік кешен / Қ.С. Алтынбеков.- Шымкент, 2014.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM). 1 экз.
|
|
821.161.1(091) А 64 Анастасьев, Н.А. Абай: Тяжесть полета [Текст] / Н.А. Анастасьев.- М.: Молодая гвардия; Астана: Фолиант, 2008.- 383 с.- (Жизнь замечательных людей: сер. биогр.; вып. 1169). 5 экз.
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін]. 1-ші кітап: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2002.- 376б. 1 экз. https://abai.institute/eng/viewer/abai-zholy-1-tom-23/
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін]. 2-ші кітап: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Алматы, 1961.- 832б. 1 экз.
https://abai.institute/viewer/abai-zholy-2-tom-24/
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін]. 3-ші кітап: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2013.- 384б. 1 экз.
https://abai.institute/viewer/abai-zholy-3-tom-25/
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін]. 4-ші кітап: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2013.- 400б. 1 экз.
https://abai.institute/viewer/abai-zholy-4-tom-26/
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін]. 2-ші кітап. Абай жолы: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Алматы: Жазушы, 1989.- 422б. 1 экз.
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Жиырма томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т.8. Очерктер және кино-әңгіме / М. Әуезов.- Алматы: Жазушы, 1981.- 456б. 1 экз.
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Шығармалары. [Мәтін]. Т.1. Абай жолы: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Астана: Фолиант, 2013.- 424б. 27 экз.
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Шығармалары. [Мәтін]. Т.2. Абай жолы: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Астана: Фолиант, 2013.- 464б. 28 экз.
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Шығармалары. [Мәтін]. Т.3. Абай жолы: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Астана: Фолиант, 2014.- 400б. 15 экз.
|
|
821.512.122 Ә82 Әуезов, М. Шығармалары. [Мәтін]. Т.4. Абай жолы: Роман-эпопея / М. Әуезов.- Астана: Фолиант, 2014.- 408б. 18 экз.
|
|
821.512.122(075.8) Б 18 Байғалиев, Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде [Мәтін]. / Б.Байғалиев.- Алматы: Арыс, 2001.- 134 б. 1 экз.
|
|
821.512.122 Б 39 Баймырза, С. Әуезов шығармашылығы және Абай шәкірттері. [Текст] / С. Баймырза.- Алма-Ата: Таңбалы, 2009.- 208с. 1 экз.
|
|
821.512.122 Б39 Бекмырзақызы, С. Әуезов және Абай шәкірттері [Мәтін] / С. Бекмырзақызы.- Алматы: ҒЫЛЫМ, 1997.- 96б. 3 экз. https://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1118793&lang=kk
|
|
821.512.122 Б 44 Бейсенбаев Мұздыбай. Абай және оның заманы [Текст] / Герольд Бельгер.- Алма-Ата: Жалын, 1988.- 136б. 1 экз.
|
|
821.512.122 Б 44 Бельгер, Г. Гете и Абай [Текст] / Герольд Бельгер.- Алма-Ата: Жалын, 1989.- 104с. 1 экз.
|
|
821.512.122 Д20 Дәдебаев, Ж. Абайдың антропологизмі [Мәтін] / Ж. Дәдебаев.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.- 238б. 5 экз.
|
|
821.155.122 Д64 Досжан, Д. Абай айнасы [Мәтін] / Д. Досжан.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 368б. 2 экз.
https://anyflip.com/tpgd/ycdj/basic
|
|
821.512.122 Д64 Досжан, Д. Абайдың рухы (Ғұмырнамалық ойтолғау) [Текст] / Д. Досжан.- Астана: Фолиант, 2008.- 432б. 30 экз. https://kazneb.kz/la/bookView/view?brId=91329
|
|
821.512.122(075.8) Е 65 Ердембеков, Б.А. Абайтану [Мәтін]: оқу құралы / Б.А. Ердембеков.- Астана: Фолиант, 2012.- 432 б.- (Жоғары білім). 30 экз.
|
|
821.512.122 Е83 Есим, Г. Хаким Абай [Мәтін] / Г. Есим.- Астана: Фолиант, 2012.- 384с. 8 экз.
|
|
821.512.122 Е86 Есім, Ғ. Хакім Абай [Мәтін] / Ғ. Есім.- Астана: Фолиант, 2012.- 400б. 5 экз.
|
|
81'373 Ж32 Жартыбаев, А.Е. Абай ауданы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты [Мәтін] / А.Е. Жартыбаев [ж.б.].- Алматы: Отан, 2022.- 250б. 15 экз.
|
|
821.162 Ж32 Жартыбаев, А.Е. Абай ауданы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты [Электрондық ресурс] / А.Е. Жартыбаев.- Текстов.дан.- Алматы: Отан, 2022.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM). 0 экз. |
|
821.162 Ж32 Жартыбаев, А.Е. Абай ауданы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты [Электрондық ресурс] / А.Е. Жартыбаев.- Текстов.дан.- Алматы: Отан, 2022.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM). 0 экз. |
|
373 Ж 33 Жасымда ғылым бар деп ескермедім [Мәтін]: Абай шығармаларын оқыту мәселелері.- Алматы: Рауан, 1995.- 144 б. 1 экз.
|
|
821.512.122 Ж36 Жәмбек, С.Н. М.Әуезовтің "Абай жолы" романының әдеби сында танылу, бағалану тарихы [Мәтін]: Монография / С.Н. Жәмбек, Г.С. Бөкен.- Алматы: Эпиграф, 2022.- 64б. 15 экз.
|
|
Ж36 Жәмбек, С.Н. М.Әуезовтің "Абай жолы" романының әдеби сында танылу, бағалану тарихы [Электрондық ресурс]: [Мәтін]: Монография / С.Н. Жәмбек; Г.С. Бөкен.- Алматы:: Эпиграф, 2022.- 64б. 0 экз.
|
|
821.512.122 Ж36 Жиреншин, Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары [Мәтін]: Монография / Ә.Жиреншин- Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1959.- 266 б. https://pubhtml5.com/poge/bdhc/ |
|
Ж81 Жұматаева, Е.Ө. Абайдың педагогикалық дүниетанымы [Электрондық ресурс]: [Мәтін]: Монография / Е.Ө. Жұматаева; [ж.б.].- Алматы:: Эпиграф, 2022.- 316б. 0 экз.
|
|
821.512.122 Ж81 Жұматаева, Е.Ө. Абайдың педагогикалық дүниетанымы [Мәтін]: Монография / Е.Ө. Жұматаева [ж.б.].- Алматы: Эпиграф, 2022.- 316б. 10 экз.
|
|
821.512.122(075.8) К20 Картаева, А.М. Абайтану [Мәтін]: оқу құралы / А.М. Картаева.- Алматы: Эверо, 2016.- 272б. 30 экз.
|
|
82.09(035.5) К 66 Көбесов, А. Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда: [Мәтін]: зерттеу еңбек / А. Көбесов.- Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 58 б.- (ӘЛ - ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ). 15 экз.
|
|
82.09(035.5) Қ28 Қалтайқызы, Г. Абайтаңу [Электрондық ресурс] / Г. Қалтайқызы.- негізгі әдебиет.- CD.- 2016.- 0, 7 Мб. 1 экз.
|
|
821.512.122(075.8) Қ 14
Қазақтың бас ақыны: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Құр. С. Қорабай.- Алматы: Дәуір, 2004.- 120 бет. |
|
821.512.122 Қ76 Құнанбаев, А. Шығармалар [Мәтін]. 1-том: Екі томдық / Абай Құнанбаев.- Алматы: Жазушы, 1968.- 319б. 1 экз.
|
|
01 Қ 76 Құнанбаев А. Абай Құнанбаев /Библиографиялық көрсеткіш – Абай Құнанбаев/ Библиографический указатель. -Алматы: «Қазақстан», – 1965. -290 б. 1 экз. |
|
821.512.122(075.8) М35 Мәдібаева, Қ.Қ. Абайтану. [Мәтін]: оқу құралы / Қ.Қ. Мәдібаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.- 204б. 20 экз.
|
|
821.512.122(075.8) М35 Мәдібаева, Қ.Қ. Абайтану [Мәтін]. 1-ші кітап: оқу құралы / Қ.Қ. Мәдібаева, А.К. Абильмажинова.- Алматы: Эверо, 2019.- 184б. 15 экз. https://dokumen.pub/9786012479966.html
|
|
821.0.512.122 М 66 Молдаханов, Ә.М. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері [Мәтін]: оқулық / Ә.М. Молдаханов.- Алматы: Дәуір, 2011.- 192б. 2 экз.
|
|
821.512.122 М84 Мұқанов, С. Жарық жұлдыз. [Мәтін]: Монография және ғылыми мақалалар. (Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы) 2-басылуы / С. Мұқанов; Құраст., баспаға әзірлеген Ж.Дәулетбекова.- Алматы: Санат, 1995.- 272б. 1 экз. |
|
821.512.122(09) М 91 Мұхамедханов ,Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] / М. Мұхамедханов.- Алматы: Атамұра, 1995.- 208 б. 1 экз.
|
|
821.512.122(09) М 91 Мырзахметов, М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары [Мәтін] / М. Мырзахметов.- Алматы: ҒЫЛЫМ, 1982.- 296 б. 1 экз.
|
|
821.512.122(075.8) М 91 Мырзахметұлы, М.М. Абайтану [Мәтін]: оқу құралы / М.М. Мырзахметұлы.- Алматы, 2010.- 152 б. 31 экз.
|
|
821.512.122 М 91 Мырзахметұлы, М.М. Абайтану. 1 кітап. Абайтану тарихи [Мәтін] / М.М. Мырзахметұлы.- Астана: Деловой мир Астана, 2010.- 554 б. 7 экз.
|
|
821.512.122 М 91 Мырзахметұлы, М.М. Абайтану. 2 кітап. Абайдан туған тұлғалар [Мәтін] / М.М. Мырзахметұлы.- Астана: Деловой мир Астана, 2010.- 526 б. 7 экз.
|
|
821.512.122 Н 89 На земле Абая и Джамбула. Дни Советской литературы в Казахстане [Мәтін]: Ред / А.Алимжанов. –Алма-Ата: Жазушы, 1974.- 242б. 1 экз. |
|
82(574) Н86 Нұрпейісов, Н.Ж. Абайтану [Электрондық ресурс]: оқу құралы / Н.Ж. Нұрпейісов.- 5295 Кб Электрон. дан.- Шымкент, 2013.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM). 1 экз.
|
|
821.512.122 Н 89 Нүрпейісов, Н.Ж. Абайтану [Мәтін]: Лекциялар курсы. Оқу құралы / Н.Ж. Нүрпейісов, А.А. Мамыт.- Шымкент: Әлем, 2013.- 192б. 5 экз. |
|
821.155.122 О-65 Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. [Мәтін] / М.Орынбеков .- Алматы: Жалын, 1995.- 136б. 1 экз. |
|
821.155.122 О-65 Оразалин, К. Абай ауылына саяхат [Мәтін] / К. Оразалин.- Алматы: Жалын, 1994.- 288б. 1 экз. |
|
821.512.122(075.8) Р24 Рахымов, Б.С. Абайтану әліппесі [Мәтін]: оқулық / Б.С. Рахымов, Ж.А. Рүстемова.- Алматы: LP-Zhasulan, 2019.- 270б. 50 экз.
https://online.anyflip.com/tpgd/ihsl/mobile/
|
|
821.512.122 С18 Салқынбай, А.Б. Абай сөзінің лингвопоэтикасы [Мәтін]: монография / А.Б. Салқынбай.- Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 242 б. 8 экз.
https://online.anyflip.com/tpgd/uakz/mobile/
|
|
821.512.122 С28 Сәбден, О. Абай және қазақ елінің болашағы [Мәтін] = Абай и будущее Казахстана / О. Сәбден.- Алматы, 2016.- 362б. 20 экз.
|
|
78.071.1(574) С93 Сыдыкова, Р.Ш. Қазақстан композиторлар хор шығармашылығында Абай әндері мен өлеңдері [Мәтін]: Оқу құралы / Р.Ш. Сыдыкова.- Шымкент: Академиялық инновациялық университет, 2011.- 152б. 2 экз. |
|
78(075.8) С95 Сыдыкова, Р.Ш. Хоровое прочтение мелодий и стихов Абая композиторами [Текст] = Қазақстан композиторларының хор шығармашылығындағы Абай әндері мен өлеңдері: учебное пособие / Р.Ш. Сыдыкова.- Шымкент: Алем, 2018.- 144с. 2 экз. |
|
821.512.122(075.8) Т31 Тебегенов, Т.С. Абайтану ұлағаты [Мәтін]: ЖОО арналған оқу құралы / Т.С. Тебегенов.- Қарағанды: Ақ Нұр, 2016.- 265б. 10 экз.
|
|
821.512.122 Т33 Темірболат, А.Б. Абайдың поэтикалық әлемі [Мәтін] = Поэтический мир Абая: Монография / А.Б. Темірболат.- Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 190б. 5 экз. https://dokumen.pub/9786010413771.html
|
|
82:001:37 Ұ46 Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық меретойы аясында ұйымдастырылған "Абай әлемі:педагогикалық мұра, тарихи таным" [Мәтін]: атты әдіснамалық семинар еңбектері / Құраст.:А.Ш.Досбенбетова.- Шымкент, 2020.- 81б. 5 экз. |
|
821.512.122(075.8) Ш22 Шамахайұлы, Қ. Абайтану дәрістері [Мәтін]. Т.1: оқулық / Қ. Шамахайұлы.- Алматы: Эверо, 2016.- 252 б. 2 экз.
https://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1544418
|
|
821.512.122(075.8) Ш22 Шамахайұлы, Қ. Абайтану дәрістері [Мәтін]. Т.2: оқулық / Қ. Шамахайұлы.- Алматы: Эверо, 2016.- 252 б. 2 экз.
https://nabrk.kz/bookView/view/?brId=1544418&simple=true&green=1&lang=kk;
|
|
821.512.122(075.8) С 94 Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Көптомдық шығармалар жинағы/ Рәбиға Сыздықова / – Алматы: «Ел-шежіре», – 2014.
https://tilalemi.kz/viewer/viewer.php?file=/books/7475.pdf
|
|
821.512.122 Сыздық, Р. Абай тілінің тағылымы [Мәтін] / Р. Сыздық // ОҚМПИ хабаршысы = Вестник ЮКГПИ: научно-педагогический журнал.- Шымкент, 2015.- № 4.- Б. 127-141.- (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты).- ISBN 978-9965-862-35-9. 0 экз. |
МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ТУРАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ
Абдыханов, У.
Духовное наследие Абая [Текст] / У. Абдыханов (к.ф.н., доцент ЮКГПИ) // Панорама Шымкента.- 2015.- № 40.- 2 октября.- С.7.
Абдыханов, У.К.
Абай- кладезь казахской и мировой культуры [Текст] / У.К. Абдыханов.- Шымкент // ЮКГПИ вестник-ОҚМПИ хабаршысы.- Шымкент, 2015.- № 1 (03).- С.89-94.
Абдыханов, У.
Пушкина и Абая породила казахская степь [Текст] / У. Абдыханов (к.ф.н., доцент ЮКГПИ) // Панорама Шымкента.- Шымкент, 2014.- № 26.- 27 июня.- С.10.
Абсалықова, Ғ.С.
Қазақ халқының рухани - этикалық құндылықтары Абай шығармашылығы негізінде [Мәтін] / Ғ.С. Абсалықова // Білім = Образование: Научно - педагогический журнал.- Астана, 2014.- № 1.- С. 52-54.
801.81(574)
А46 Алтынбеков, Қ.С.
Абайдың ақындық өнерінің қалыптасуында фольклордың алатын орны [Мәтін] / Қ.С. Алтынбеков.- Шымкент, 2014 // ЮКГПИ вестник-ОҚМПИ хабаршысы.- Шымкент, 2014.- № 2 (02).- Б.84-89.
Асанкелдіұлы, А.
Ұлттық мүдде қандай болуға тиіс? [Мәтін] / Абай Асанкелдіұлы, бану Әділжан // Егемен Қазақстан.- Алматы, 2022.- №53 18 наурыз.- Б.1; 4-5.
821(091)
Ә 55 Әліпхан, М.
Абайдың адамгершілік ілімі [Мәтін] / М. Әліпхан // ОҚМПУ хабаршысы-ЮКГПУ вестник.- Шымкент, 2019.- № 2.- Б.54-61.
Елікбаев, К.
Әлем қазақ көркем ойының қуатын "Абай жолы" арқылы таныды [Мәтін]: Мұхтар Әуезовтің туғанына -125 жыл / К. Елікбаев // Оңтүстік Қазақстан.- Шымкент, 2022.- № 85 5 шілде.- Б.3.
Жұртбай, Т.
Абай және Архимандрит Сергий [Мәтін]: Ойтолғақ / Тұрсын Жұртбай // Жас Алаш: Республикалық қоғамдық-саяси газет.- Алматы, 2022.- № 19-20, 21.- Б.6-7.
Жүніс, Е.
Бай Абай, кедей Абай [Мәтін]: Көзқарас / Е. Жүніс // Егемен Қазақстан.- Нұр-Сұлтан, 2022.- № 80 28 сәуір.- Б.1; 11.
Кенжеғараев, Н.
Абай іздеген ел [Мәтін] / Н. Кенжеғараев (филология ғыл. канд. Қазақстан журналистер одағының мүшесі) // Оңтүстік Қазақстан.- Шымкент, 2015.- №76-19 мамыр.- С.1.
Кенжеғараева, Н.Ж.
Абайдың "Толық адам" тұжырымдамасы негізінде зияткер тұлға қалыптастыру жолдары [Текст] / Н.Ж. Кенжеғараева // Педагогика және психология = Педагогика и психология = Pedagogics and psychology: Научно - методический журнал.- Алм., 2012.- № 3-4.- С. 146-151.
Қожамарова, Н.
Философ халықтың ұлымын [Мәтін]: Абайдың қара сөзі мен Шерханның "Бір кем дүниесіндегі"мағыналық үндестік / Назым Қожамарова // Ана тілі: Ұлт газеті.- Алматы, 2022.- №10 10-16нарыз 2022.- Б.7.
Мантаева, Т.С.
Ұлттық мәдениеттіміздегі тұлғалардың (Абай, Шәкәрім, Мағжан) діни ізденістері [Мәтін] / Т.С. Мантаева // "Бес институционалдық реформа-ел дамуының кепілі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.- Шымкент, 2015.- Б.1.- Б.92-96. 0 экз.
Мәтібаев, Ы.Қ.
Хаким Абайдың 11-қара сөзі хақында бір узік сыр [Мәтін]: Респ. Әділет ұлттық апталық газеті / Ыбрай Қажы Мәтібаев // Әділет: Республикалық ұлттық апталық газет.- Шымкент, 2015.- № 35.- Б. 8.
О-65 Оразалиев, С.
Абай айтқан арабтың " тәрбие" сөзі [Мәтін] / С. Оразалиев // ОҚМПУ хабаршысы-ЮКГПУ вестник.- Шымкент, 2019.- № 2.- Б.81-87.
Оразалиев, С.
Абай айтқан арабтың " тәрбие" сөзі [Мәтін] / С. Оразалиев // ОҚМПУ хабаршысы-ЮКГПУ вестник.- Шымкент, 2019.- № 2.- Б.74-81.
Оразалиев, С.
Абай айтқан арабтың " тәрбие" сөзі [Мәтін] / С. Оразалиев // ОҚМПУ хабаршысы-ЮКГПУ вестник.- Шымкент, 2019.- № 2.- Б.74-81.
Оспанұлы, С.
Ыбырай мен Абай [Мәтін] / С. Оспанұлы // Білім = Образование: Научно - педагогический журнал.- Астана, 2016.- № 3.- С.50-55.
Сүгірбаева, Г.
Ақын мұраларындағы ел бірлігі мен ұлт мұраты [Мәтін] / Г. Сүгірбаева // Оңтүстік Қазақстан: Облыстық қоғамдық-саяси газет.- 2022.- №99.- Б.5.
Сыздық, Р.
Абай тілінің тағлымы [Мәтін] / Р. Сыздық // ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ=ЮКГПИ ВЕСТНИК.- Шымкент, 2015.- №4.- Б.127-141.
М А З М Ұ Н Ы
Рет № |
Тақырыбы
|
Бет саны |
1 |
Ұлы Абайдың шығармашылығы туралы |
3 |
2 |
Абай Құнанбаев еңбектерінің электронды нұсқасы жүктелген сайттарға сілтемелер |
5 |
3 |
ОҚМПУ кітапханасы қорында бар кітаптардың библиографиялық тізімі
|
6 |
4 |
Мерзімді басылымдарда Абай Құнанбаев туралы жарық көрген мақалалар тізімі
|
30 |